Тоқаев мінез танытты...

Күлтегін БЕК

21.06.2022, 08:30

1676

Мұны ешкім күтпеп еді...

Біз де...

Олар да...

Бірақ ақиқат айтылды. Биік мінберден...

Әлем көз тіккен жиында. Біз болған жайтты «ерлік» дестік. Олар «қорлау» деп қабылдауы бек, мүмкін. Біздің жүзде ризашылық пайда болды. Олардың бет-ұсқыны бір қызарды, бір сұрланды. Біз арыстандай айбаттылығымызды, қабыландай қайраттылығымызды, барыстай тектілігімізді, жылқы мінезді   халық екенімізді бір көрсеттік. Кешегі өткен бабаларымыз Мөде мен Аттилланың, Естеміс мен Күлтегіннің, Жошы мен Қасым ханның, Абылай мен Кенесарының, һәм Қабанбайдың рухы бойымыздан өшпегенін таныттық. Тізесі  батқандармен, сөзі өткендерге тосыннан соққы бердік. Қабырғалы ел екенімізді, көкейдегісін күлбілтелемей, ашық айтатын жұрт екенімізді айғақтадық.  

Сонымен, бұл жайт жер-жаһан назар аударған Ресейдің Санкт-Петербург шаһарында Халықаралық экономикалық форумында болды. Төрде Ресей  президенті Путинмен бірге отырған Қазақстан президенті Тоқаевқа тосын  сұрақ қойылды. Тоқаев тарапынан ешкім күтпеген жауап айтылды. Бұл  жөнінде тіл жанашыры, ұлтжанды азамат, мәжіліс депутаты Қазыбек Иса  былай деп жазды:

«Украинадағы Луганск пен Донецкке қатысты модератор, Кремльдің насихатшысы Маргарита Симонянның:

— Біздің (Ресейдің) Украинадағы арнаулы операциямыздың мәжбүрлікпен жасалып жатқаны және заңдылығы туралы не айтасыз?»  – деген сұрағына Тоқаев сырбаз отырып-ақ, тас-талқанын шығарды. «Турасын айтайын, бұл мәселеге қатысты түрлі пікір бар. Қоғамымыз ашық, азаматтық қоғамның толысқаны анық байқалады. Сондықтан түрлі пікірлер айтылады. Дегенмен келесіні атап өткім келеді: қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ Жарғысы. Бірақ БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама-қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы. Егер ұлттарға таңдау құқығы берілсе, онда жер шарында 193 мемлекеттің орнына 500-600 мемлекет құрылар еді. Бұл бейберекеттік тудырады. Дәл осы себепті біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз.

Демек, бұл принцип біздің көзқарасымызша, квазимемлекеттік бірлестік саналатын Луганск пен Донецкке де қолданылатын болады», – деп, Тоқаев тоқетерін бір-ақ айтты! Луганскі мен Донецкіні мойындамақ түгілі, оларды  квазимемлекет ретінде атап, Тайвань, Косова, Оңтүстік Осетия мен Абхазияның қатарына бір-ақ қосты.

Бұл сөзімен Ресейдің қатысы бар Оңтүстік Осетия мен Абхазияны да мойындамайтынын мәлімдеді. Ал керек болса! Артық қылам деп, қалған-құтқан аз абыройынан айрылған Ресей саясаткерлері сандарын соғып қалды…

Ресейдің өзі әлемдік ақпарат алаңын жасап беріп отырған оңтайлы сәтті текке жібермейтін терең ойлы дипломат Тоқаев Путиннің көзін бақырайтып қойып, оның Қазақстанға қарап, үріп жүрген саясаткерлерінің де сазайын беріп, бір сыбап алды. Сұрақ қойғыш Симонян үйіндегі үргіштердің бірі екінші Симонянға қалай сәлем арқалап кеткенін де білмей қалды!..

Ол аз болса, Тоқаев Украинаның Европалық Одаққа қосылуын қолдап, оған көмектесу керектігін қадап айтты. Санк-Петербургтағы самсаған саясаткерлерді аузына қаратып, Ресей төрінде шалқайып отырып, Путинді шалқасынан түсірді! Ресей президентінің сасқаны сонша, Қасым-Жомарт Кемелұлының аты-жөніне тілі келмей қалып, шатасып кетті…

Пұтқа табынғандай, Путинге қарап отырған шовинистер бұтына жіберіп қойды… Сумаңдап, сұрақ қойып отырған Симонян ханымның жағдайы не болғанын күреңітіп кеткен ұсқынынан байқауға болады! «Қайдан ғана қағынып, осы сұрақты қоя қалып едім. Қожайын сазайымды тарттыратын болды», – деген күйініш тырысқан шекесіне жазылып шыға келді… Біріккен Ұлттар Ұйымындағы басшылық тәжірибесімен дипломатиялық шеберліктің шегі жоқ тереңдігін – Кемелұлы кемелдікпен дәлелдеп берді.

Осылайша, Тоқаев өзінен емтихан алмақ болғандарға сабақ үйретіп, сабасына түсірді. «Қазақстан біздің қанжығамызда екенін әлемге көрсетіп қояйық», деген Путиннің командасы оңбай опық жеді. Қазақстан Ресейдің империялық саясатына қарсы екенін Тоқаевтың тоқетер жауаптары әлемге айқындап берді».

Иә, осылайша, Тоқаев қажет жерінде тіке айтатынын, сұңғыла саясатшы екенін  танытты. Айқайламады. Ұрыспады. Дауласпады. Дипломаттың майда тілімен   орекеңді орып түсірді. Қазақстанның ұстанымын жеткізді. Мұны Ресей қалай  қабылдайды ол енді, олардың ісі. Әрине, «серіктесіміз айдай әлем алында   масақара етті, сатып кетті, қолдамады», деп қазірдің өзінде өре түрегіліп, үріп  жатқандар бар. «Өкпелесең, көшке берген тайыңды қайтып ал», демеуші ме еді, қазақ. Айтпақшы, «ит үреді, керуен көшеді», дейтін де сөз бар ғой. Соны  қайталаймыз да...

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 24.06.2022, 09:06
Серікқали Брекешевті киіктің киесі ұрады
Марат ТОҚАШБАЕВ 23.06.2022, 14:00
Германия неге соғыс ашты?
Жарас КЕМЕЛЖАН 23.06.2022, 09:23
Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.06.2022, 09:20
«Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.06.2022, 08:33
Тоғжановтың қиялы...
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 17.06.2022, 14:05
Әр сала осындай белсенді әрекетке барса, қоғам оңалар еді

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33