Ұбт: баққа емес, бапқа сенетін кез қашан туады?

Бифат ЕЛТАЕВА

30.08.2021, 08:49

1978

Жыл сайын мектеп бітіруші түлектер үшін ең маңызды әрі шешуші кезең – ҰБТ. Тіпті кейбір озат оқушылардың тағдыры тек ҰБТ-мен шешілетіндей, психологиялық тұрғыдан өз-өзіне сенімсіздік танытып, білген сұрағынан жаңылысып жатады. Ал кейбіреуінің асығы оңынан түсіп, жақсы нәтиже көрсететін сәттер де кездеседі. Сол себепті Ұлттық бірыңғай тестілеу жайында көпшіліктің пікірі әлі күнге қарама-қайшы болып, екіге жарылып келеді.

 Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеу оқушының білімін шынымен де анықтай ала ма? Әлде ҰБТ бақ шаба ма, бап шабаманың кері ме деген пікірлер халық арасында көп айтылады. Жалпы, бізге осы жүйе керек пе деген сұраққа Нұр-Сұлтан қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы жауап берді. Ол қазіргі жемқорлық билеген заманда ҰБТ  жемқорлыққа аз да болса тосқауыл қоюдың бір жолы екенін айтады.

  • Кез келген емтихан баланың білімін 100 пайыз әділетті көрсетеді деп кесіп айту қиын. Бірақ біздің дәл қазіргі жағдайымызда Ұлттық бірыңғай тестілеуден өзге балама жол жоқ. Себебі біздегі асқынған жемқорлық, таныс-білістік ҰБТ-ның өзін айналып өтетін жол іздеп, Ұлттық бірыңғай тестінің өзін былықтырып жатқан кезде адами факторлар араласатын емтихан жүйесін қолдана алмаймыз. Сондықтан бізде Ұлттық бірыңғай тестіден басқа таңдау жоқ. Кемшілігі жоқ дей алмаймыз. Бірақ оны да жетілдіруге болады. Соңғы жылдары жетілді десек те болады. Әлі де жетілдіріледі.

– Бұған дейін ҰБТ-да біраз былықтар болды. Бірақ соңғы екі жылда Дидар Смағұлов келгелі жүйе біраз тазарып, дұрысталды. Бұған дейін тестілеуде ұялы телефон пайдаланылып, ватсаппен көшіріп алатындар көбейген болатын. Дидар Смағұлов осындай былықтармен күресіп, көбін тазартып келеді. Сондай-ақ бұған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуде әркім білгенін жасап, әрі олардың былығын ешкім әшкере етпейтіндіктен, елге де былықтыра беру оңай болатын. Ал енді ондай нәрселер азайды десек те болады. Заң барлығымызға ортақ болғандықтан, Қазақстанның әрбір азаматы тосқауыл қоя білуіміз керек. Қандай былық болса да, заң жүзінде шешілуі қажет, – дейді Аятжан Ахметжанұлы.

Аятжан мырзаның сөзінде жан бар. Себебі ҰБТ-ны емтихан ретінде емес, отбасының абыройын арттыратын сынақ ретінде қарайтындар да жеткілікті. Сол арқылы тестілеуде қатаң қадағалау болғанның өзінде де, пара алып, пара беру арқылы жемқорлықтың қылаң беретіні бәрімізге аян. Құдды білім алаңы емес, бизнес алаңына айналып кеткелі қашан. Жаңа басшылар келіп, жаңа өзгертулер енгізген күннің өзінде ҰБТ айналасындағы жемқорлық  көп жылдан бері тоқтамай келген-ді. Әлі де тоқтай қоюы екіталай. Адамнан айла артылған ба, қанша жаңа жүйе шықса да бәрібір бір шешімін тауып, амалын асыратындар жеткілікті.  Осыған қатысты саясаттанушы Гүлмира Сұлтанбаева ҰБТ-ға қатысты даулы мәселелер жүйеден емес, тестілеудің өткізілу тәртібі мен сұрақтарға қатысты нақты деректердің ақпараттық жүйеде дұрыс таратылмауында екенін айтады.

  • Ұлттық бірыңғай тестілеу бізге бір күнде келген жоқ. Тестілеудің бұл жүйесі әлемнің көптеген елдерінде де бар. Тестілеу жүйесі орта білім беру, жоғары білім берудің жүйесінде енгізілген. Негізінен, тест жүйесіне эссені қосымша ретінде енгізсе жақсы болар еді. Себебі эссе арқылы әрбір талапкердің мотивациясын,  қабілетін, әлеуетін көре аламыз. Ал ҰБТ білімді толық бағалай ала ма дегенге келсек, бұл туралы пікірталастар әлі де жалғасып келеді. Тест адамның логикалық жүйесіне құралғандықтан, онда біреудің жолы болып, біреудің жолы болмауы да мүмкін. Ал егер  талапкер сынаққа жақсы дайындалса, ойындағы балын жинай алады деп ойлаймын.

        Сондай-ақ тест жүйесіне ауқымды қаржы кеткендіктен, бұл жүйе ешқашан өзгермейді. Сондықтан ҰБТ қажет емес, білімді бағалай алмайды деп айтуға болмайды. Тек қана алғашқы жылдары әдебиет, тарихқа қатысты деректерде қателіктер болған соң сын айтылды. Бірақ оның бәрі уақыт өте келе сараптамалардан өтіп, біршама дұрысталды.  Осыған орай, тестілеу жүйесін емес, тест базасын нығайту керек. Сондай-ақ талапкерден апелляцияға арыз не үшін түседі? Сол апелляция жүйесінде тест қаншалықты жаңаланады, өзгереді және қаншалықты деңгейде ескеріледі? Бұл туралы халыққа ешқандай ақпарат жетіп жатқан жоқ. Мәселен, министрлік осынша грант жарияланды деп, барлық өтініштерді қарап ақпарат береді. Журналистер де грантқа осынша өтініш түсіп, осынша талапкер грантқа ие болды деген ақпаратты ғана таратады. Одан ары оны талдау, апелляцияға не үшін берілді, қандай мәселелер көтерілді, қандай проблемалық сұрақтар болды? Келесі жылы осы сұрақтар жаңалана ма деген толыққанды ақпарат жоқтың қасы.

         Сол себепті соңғы уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты мәселе ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерде көп талқыланып жүр. Оның ішінде өз орнына тест тапсыру үшін басқа адамды кіргізу заңға қайшы іс екенін біле тұра, танымал азаматтың бұл іске қатысты аталуы жауапсыздықтың салдары. Бұл, біріншіден, кәмелетке толмаған талапкерді заңсыз әрекетке итермелеу болып саналады. Осындай әрекеттерге барған бала өзінің заңды тұрғыда қылмыс жасап тұрғанын қайдан білсін. Сол үшін әр ата-ана баласының артық әрекеттерге бармауына жауапты болуы керек емес пе? Баласының кешенді тестілеуге баратынын біле тұра, тәрбие, білім жағынан дұрыс бағыт бермеу жауапсыздыққа жатады. Мысалы, ағаш еккенде қай бағытқа бағыттап өсірсең, солай қарай өседі. Бала да жас шыбық секілді – қандай білім, тәрбие беріп өсірсеңіз, солай қарай икемделеді. Басқа ата-аналар осы болып жатқан жайттан сабақ алуы қажет. Өзімен бірге баланы  заңсыз әрекетке итермей, кешенді тестілеуге психологиялық тұрғыдан, білім жағынан дайындауға жол көрсетуі керек, – дейді Гүлмира Сұлтанбаева.

  Қазіргі таңда білім алып жатқан, келешекте Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыратын талапкерлерге бақтың емес, баптың шабатынын саналарына мықтап құю қажет. Бағы жанып, бабы келіспеген бала ешқашан да білім алып жарытпас. Ертеңгі күні одан мықты маман шығарына кім кепіл? Ал жемқорлық араласқан жерде білім де, абырой да болм

Тегтер: білім онлайн оқу офлайн оқу қаулы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұртаза ҚЫДЫРНИЯЗОВ 03.12.2021, 08:48
Қауіп қайдан?!
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 01.12.2021, 09:20
Жауапкершілікке шекесінен қарайтындар ел мүддесіне қызмет етпейді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 30.11.2021, 09:00
2,5 миллиард теңге кімнің қалтасында кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.11.2021, 09:00
Теңгесінде тұрақ, үкіметінде естір құлақ жоқ елдің жайы не болмақ?!
Көпжасар НӘРІБАЕВ 23.11.2021, 14:20
Желтоқсанның себебі мен салдары
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.11.2021, 09:03
Ұрпаққа келгенде үкімет те керең, әкім де сараң

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00