Үкімет зейнетақы қорына қатысты шешімді халықпен неге ақылдаспады?

Сайт әкімшілігі

06.12.2021, 08:54

1950

Қазақстанда 2022 жылдан бастап жасқа байланысты зейнетақы қорынан алуға болатын қаржының жеткілікті шегі өзгереді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады. Мәселен, биыл 40 жастағы азаматтың шотында – 3 437 000 теңге жеткілікті шектегі сомма болса, келесі жылдан бастап ол 5 950 000 теңге болады,

«Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдалану шеңберіндегі 2021 жылға «жеткіліктілік шегі» жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады», — делінген БЖЗҚ таратқан ақпаратта.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай 529,7 мың азамат бар деп мәлімдеген болатын.

Қараша айындағы зейнетақы активтерінің құны 13,2 трлн теңге болды. Жыл басынан бері 337,3 млрд теңгеге толыққан. Осы күнге дейін зейнетақы қорынан 2 трлн теңге алынған. Оның 1,95 трлн теңгесін (97,1 пайыз) салымшылар тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланды.

Зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес, есептелген зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдалану шеңберіндегі 2022 жылға «жеткіліктілік шегі» төмендегідей.

Сонымен, 2022 жылдан бастап БЖЗҚ-ның жеткілікті шегі:

  • 20 жас – 3 140 000 теңге,
  • 21 жас – 3 250 000 теңге,
  • 22 жас – 3 370 000 теңге,
  • 23 жас – 3 490 000 теңге,
  • 24 жас – 3 610 000 теңге,
  • 25 жас – 3 730 000 теңге,
  • 26 жас – 3 860 000 теңге,
  • 27 жас – 3 980 000 теңге,
  • 28 жас – 4 110 000 теңге,
  • 29 жас – 4 240 000 теңге,
  • 30 жас – 4 370 000 теңге,
  • 31 жас – 4 510 000 теңге,
  • 32 жас – 4 640 000 теңге,
  • 33 жас – 4 780 000 теңге,
  • 34 жас – 4 920 000 теңге,
  • 35 жас – 5 060 000 теңге,
  • 36 жас – 5 200 000 теңге,
  • 37 жас – 5 350 000 теңге,
  • 38 жас – 5 490 000 теңге,
  • 39 жас – 5 640 000 теңге,
  • 40 жас – 5 790 000 теңге,
  • 41 жас – 5 950 000 теңге,
  • 42 жас – 6 100 000 теңге,
  • 43 жас – 6 260 000 теңге,
  • 44 жас – 6 420 000 теңге,
  • 45 жас – 6 580 000 теңге,
  • 46 жас – 6 750 000 теңге,
  • 47 жас – 6 920 000 теңге,
  • 48 жас – 7 090 000 теңге,
  • 49 жас – 7 260 000 теңге,
  • 50 жас – 7 430 000 теңге,
  • 51 жас – 7 610 000 теңге,
  • 52 жас – 7 790 000 теңге,
  • 53 жас – 7 970 000 теңге,
  • 54 жас – 8 150 000 теңге,
  • 55 жас – 8 340 000 теңге,
  • 56 жас – 8 530 000 теңге,
  • 57 жас – 8 720 000 теңге,
  • 58 жас – 8 920 000 теңге,
  • 59–62 жас – 9 120 000 теңге.

Осыған орай Аzattyq-ruhy.kz тілшісі сарапшылардан пікір сұрапты.

Айдар Әлібаев, Зейнетақы сарапшысы:  

Біріншіден, үкімет бұл шешімді өздері ойда-жоқта қабылдап отыр деп ойлаймын. Қандайда бір талқылау болуы тиіс еді, сарапшылар тобында немесе басқа да орталарда бұл айтылмады. Ресми БАҚ бетінде жария етті де қойды. Бұл дұрыс емес. Екіншіден, негатив болады, онсыз да қымбатшылықтан қажып отырған халық үшін әлі де сол қаражаттан үміті барлары үшін қиын. Десе де, биыл қыстан бері көптеген азамат БЖЗҚ жеткілікті шектен жоғары сомманы алды. Емге және тұрғын үй үшін пайдаланды.

Енді Зейнетақы қоры қаражат ойлағаннан да көп шығып кетті. Айналымдағы қаражат азайды деген оймен шектеу қойып отырғаны белгілі. Тиісті органдар мұны ресми түрде халық алдына шығып түсіндіруі тиіс. Өркениетті елде осылай әстелуі керек еді.

Жалпы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың жеткілікті шегі өзгертіп, зейнетақы қорынан шыққан қаржыны тежейміз немесе баспана қымбатшылығының алдын алу деген бекершілік. Болар іс болды. Бәрі қымбаттады. Енді қаражатты аламыз деп немесе түрлі себеппен ала алмай отырғандар саны көп емес. Бұл енді тұрғын үй құнына немесе экономиканың басқа да секторларына кері әсер етеді деген болжам дұрыс емес. Бірақ ескеру керек, бәрібір бүгінгі шешім әлеуметтік көңіл күйге, адамдардың жалпы ішкі қарсылығын күшейтеді. Қазір БЖЗҚ-ға адамдар лап қояды. Олардың жүйесіне кіріп, қалған қаржысын алуға әрекет қайта басталады. Уақыт аз. Дүрбелеңге толық негіз бар.

Сапарбай Жұмаев, экономист:

Негізгі бұл үлкен мәселе, Зейнетақы жүйесінен қаражатты алу белгілі бір дәулеттілер тобына арналған еді. Оны мен де басынан айттым және бұл бастамаға қарсы болдым. Себебі ол қарапайым халыққа пайдасыз әрі қол жетпейтін арман болатын. Дәл сол айтқанымдай болды. БЖЗҚ біздің ел үшін инвестициялық әлеуеттің бірі еді. Онда шамамен 15 трлн теңге ақша болған. Бірақ біздің билік оны ауқатты адамдардың алуына және баспаналардың сатылуына жол ашты. Олардың қатарында жақсы жалақы алатын мұнайшылар, менеджерлер, банкирлер, депутаттар және тіпті министрлер мен квазимемлекеттк сектордағы мамандар және осы аталғандардың туыстары бар.

Тұрғын үй үшін баға енді арзандамайды. Мультипликациялық әсерден ол ары қарай осы айналыммен жүре береді. Қымбат алған адам қымбат сатады. Оның үстіне, сұраныс бар. Сондықтан БЖЗҚ-дан алынған қаражаттың баспана құнына әсер еткені шындық. Ал бүгінгі шешімнен соң, оның баспанаға қандайда бір әсері болады. Арзандайды деген мүмкін емес.

Жалпы үкіметтің жоспары бойынша, халықтың 3-4 пайызы осы зейнетақы қорындағы қаржысыны пайдаланды деген болжам болған. Алайда бұл қазіргі есеппен 2,5 пайыз болды. Әлі де 1,5 пайызы бұл мүмкіндіктен айырылады. Енді жаңа жылға дейін бір ай бар. Бірақ оған үлгеріп алатындары өте аз болады.

Тегтер: зейнетақы жинақ ипотека несие баспана тұрғын үй

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш Әбілдәқызы 26.01.2022, 09:15
Қазақстан тастанды ел ме!
Нұрай Рахым 25.01.2022, 09:38
Сенат пен Ассамблеяны тарату керек пе?
Қуаныш Әбілдәқызы 24.01.2022, 19:12
Қазыбек Иса «Құқық қорғау органдары жазықсыз жастарға ойларына келгенін жасап жатыр»
Сайт әкімшілігі 24.01.2022, 14:23
Жазықсыз жандар жазаланып жатыр – жазушы Думан Рамазан Ерлан Қаринге ашық хат жазды
Талғат АЙТБАЙҰЛЫ 21.01.2022, 16:04
Қасірет
Сайт әкімшілігі 21.01.2022, 08:36
Елімізді содырлардан қорғауға шамамыз неге жетпеді?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48