«Үлкен» Ресейдің күйреуі

Сайт әкімшілігі

06.10.2022, 14:20

3012

2022 жылдың 30 қыркүйегінде Кремльдің адамға лық толған Георгий залында Владимир Путин Ресей мемлекетін жоқ қылды. Ол Донецк, Луганск халық республикаларын, Запорожье және Херсон облыстарын Ресей құрамына қосу туралы келісімді қабылдағанын мәлімдеді. Оның көптен бері діттегені осы еді. Бірақ оның осы шешімімен Ресей мемлекетінің күйреуі толық рәсімделді. Бұл шешім – Путиннің Ресейін қалыптаса алмаған немесе құрдымға кеткен мемлекеттер қатарына кіргізді.

– Бір қарағанда, Путин кезекті аннексиясын жасап, халықаралық құқықты кезекті рет бұзғандай көрінеді. Бірақ шындығында, Путиннің Украина жерін бұлайша, Ресей құрамына қабылдауы – таза бейшаралық. Путин өзі бастаған соғыста оңбай жеңіліп жатыр. Оның жеңілісіне оның қателіктері мен оның теріс шешімдері себеп. Өйткені оған бұл соғысты жалпы бастамау керек еді. Өйткені ол өз маңайына өте біліксіз, бірақ аса жағымпаз генералдарды жиып алды. Солардың кесірінен, өзін бір данышпан қолбасшымын деп ойлады. Енді ол қақпанға түсті. Оның пропагандистері жылдар бойы орыстан өзгені жек көру мен импершілдік амбицияны оңдырмай қоздырып келді. Украинамен қалай да соғысып, мәселені бір жақты қылу дегенді орыс халқының санасына сіңдірді. Ол жеңілмеймін деп ойлаған. Бірақ оңбай жеңіліп жатыр. Ол енді Украинаның жерін өзінікі деп жариялап алып, өз жерім үшін атом жарсам да өлуге дайынмын дегендей, сыңайын мәлімдеуде. Қысқасы, Путин Ресей мемлекетінің тамырына балта шапты. Күшпен басып алған жерінде күшпен референдум өткізу – таза заңсыздық, — дейді Михаил Ходорковский.

Осы референдумдарымен Путин Ресейдің территориялық тұтастығына сына қағып отыр. Ел билігімен келіспей-ақ өңірлердің өз бетімен бөлініп шығуына болатынын көрсетті. Халықтардың өзін-өзі айқындау құқығы бар дегенді Путиннің өзі айтты. Ал Ресей Федерациясында осылай «өзін-өзі айқындай» алатын қаншама халық бар. Шешенстан, Татарстан, Якутия, Башқұртстан, Бурятия, Қиыр Шығыс халықтары. Олар да Путиннің бұл мәлімдемесін естіп отыр. Ендеше, Ресей соғыста жеңілгеннен кейін әлгі халықтар да өз референдумдарын өткізеді. Мемлекеттің әлсіздігін, әрине, пайдалану керек. Путин мемлекетті әбден әлсіретті.

– Ресейдің құрамына жерінде соғыс жүріп жатқан бірнеше жаңа аймақтар енді. Ол жерлердің билігі мен шекарасы Ресейдің толық бақылауында емес. Есі ауысқан Путин жүздеген мың еркекті өлімге жіберіп жатыр, әлемді ядролық қарумен қорқытады да, өз халқына: «шіріген Батыста еркектер мен әйелдер жынысын ауыстырады», дейді. «Орысты сүйемін, жаным-тәнім орыс» деп, өзі орыс халқын қырып жатыр. Путин Ресей тарихына қанішер ретінде енді. Путин бейбіт және тәуелсіз мемлекетке шабуылдап, соғыс бастады. Бірақ соғысты бастаған Украина деп жариялады. Батысты кінәлады. Ең сорақысы, Ресейге қосылған жаңа облыстар Путин әскерінің толық бақылауында емес. Енді Ресей федерациясында мемлекет құрамына қағаз жүзінде ғана кіретін бірнеше аймақ бар. Путин Ресей мемлекеттілігіне ауыр соққы жасады. Алдыңғы қатарлы елді жойылған елдер қатарына кіргізіп жатыр. Путин кетер. Ол кеткенде, Ресейдің жұрнағы да қалмауы мүмкін. Ендеше, Путиннен кейін бізге жаңа мемлекет құрудан басқа амал жоқ. Ресей мемлекеті осылай жойылады, – деген екен Ходорковский.

Тегтер: Ресей Украина Қырым Донбасс саясат пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Серік МӘЛЕЕВ 10:00
Роман Скляр сатқын ба?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:59
Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
Махамбет САПАРМҰРАТҰЛЫ 30.11.2022, 08:41
Адалдық тұсалса, көзбояушылық күш алады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 29.11.2022, 09:30
Журналист киллерге кешірім берді
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 09:30
2023 жылы тұрғын үй бағасы өсе ме?
Әділ АҚЫЛБАЙ 25.11.2022, 07:22
Осындай ұлтпыз, қайтеміз енді?

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43