"Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?

Сайт әкімшілігі

25.01.2021, 09:46

2464

Қазақстандықтар Telegram чаттарда осындай мазмұндағы видеоны талқылауда. Stopfake.kz  сайтының мәліметінше, теорияға сәйкес, коронавирусқа қарсы вакциналар инъекция жасалғаннан кейін жарты жыл өткен соң реципиенттердің ішкі мүшелерін жей бастайды. Ал өлім-жітімнің күрт өсуін «мутацияланған вирустың өршуі» деп айтады. Мұның бәрі – жалған.

Біріншіден, бұл теорияны ойлап тапқандар алғашқы сынақ басталған сәттен жарты жыл өткенін ескермей отыр. Атап айтқанда, алғашқы еріктілерге Pfizer препараты 9 айдан астам уақыт бұрын – 2020 жылғы 5 мамырда егілген. 

Moderna өз вакцинасын сәл кейінірек – 2020 жылғы шілде айында сынай бастады. 2021 жылғы 28 қаңтарда бұл препараттың алғашқы инъекциясының еріктіге жасалғанына жарты жыл болады.Ресейлік «Спутник – V» вакцинасының клиникалық сынақтары алты айдан астам уақыт бұрын басталған – 2020 жылғы 16 маусымда.

Клиникалық сынақтарға алғашқы қатысушылар арасында өлім деңгейінің күрт артуы немесе ішкі ағзалардың бұзылуына байланысты оларды жаппай ауруханаға жатқызу туралы хабарланған жоқ.Екіншіден, ғалымдардың болжамынша, қолданыстағы вакциналар мутацияланған SARS-CoV-2 вирусына да қарсы тиімді болады. 

Егер мутация өте тез және ауыр болса, онда препараттар жасалған РНҚ платформасының арқасында қысқа мерзімде жаңа вакцина әзірлеу мүмкін болады. 

Осылайша, вакциналардың «кейінгі әсерлері» мен екпе жасалғаннан кейін жарты жыл өткен соң ішкі ағзалардың бұзылуына әкелуі мүмкін екендігі туралы қауесет дәлелденбеген. Препараттардың алты айдан астам уақыт бұрын басталған клиникалық зерттеулері бұл теорияны жоққа шығарды.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Елеусіз МҰРАТ 05.03.2021, 09:19
Қауқары жоқ қадағалау органы қажет пе?
Ғұсман ЖАНДЫБАЕВ 03.03.2021, 13:35
Инновациялық ғасыр дерті
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.03.2021, 09:20
Түркістандағы оқиғадан «ҚазТрансГаз» тиісті қорытынды шығара ма?
Мұрат ӘМІРЕНОВ 02.03.2021, 11:35
Ұлттық телеарналардан не көріп жүрміз?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Айжан БҮРКІТБАЕВА 25.02.2021, 12:37
Тарихи орынды талқандауға не себеп?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44