Заманауи қазақстанның парадоксы: Асығу қажет…

Бірақ бәрін жайлап және ақылға салып істейік

Өмірзақ СӘРСЕНОВ

22.04.2022, 05:34

2453

Жақында «Нұр Отан» партиясының атауы «Аманат» деп өзгертілгені жұрттың аузынан түспей талқыланып жатты. Бұл «билік партиясы» деп аталып кеткен бұл құрылым атауының өзгеруі бірінші рет болған жағдай емес екенін естен шығармау керек. 2006 жылдың желтоқсанында Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім Сарайында «Отан» партиясының Х съезі өтіп жатты. Ол кезде бұл партия Азаматтық, Аграрлық партияны және оған дейін «Асар» партиясы сияқты бірнеше партияны өзіне қосып алып жұтуды аяқтаған болатын. Тура сол съезде партияны «Нұр Отан» деп жаңаша атау туралы ұсыныс қабыл алынды. Пікірталас кезінде мұндай «ребрендингке» қарсы шыққан бірнеше адам ғана болды. Олар Қырымбек Көшербаев пен Өмірзақ Сәрсеноведі…

Енді бұл партия «Аманат» деп аталады. Бірақ мәселе онда емес. Партияның Саяси кеңесі бюросының көп жылдық тәжірибесі бар мүшесі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Өмірзақ Сәрсеновәрқашан салмақты, салиқалы көзқарас ұстанатын. Бірақ өз пікірін сирек-сирек бөлісетін. Осы жолы қазіргі жағдайға қатысты ойын білу үшін оған хабарласып әңгімеге тарттық…

***

Қазақстан дамудың мүлде жаңа тарихи кезеңіне аяқ басқаны маған ғана емес, баршаға анық болып отыр деп ойлаймын. Бұған, ең алдымен, экономикалық, сондай-ақ саяси сипаттағы жаһандық дағдарыс жағдайында болған ел ішіндегі оқиғаның ықпал еткені күмән туғызбайды. Тұңғыш Президент мемлекет басшысы қызметінен кететіні туралы шешім қабылдағанда, біз үшін бұл аспаннан жай түскендей болды деп айтуға болмайды. Қайткенде, бәрі де осы сияқты бірдеңе болады деп ойлаған еді, бірақ дәл қалай болатынын ешкім болжап біле алмады… Дегенмен көкейдегі нәрсе еді. Қазіргі ел президентінің аты аталғанда, қоғамның парасатты азаматтары «уһ» деп демін алды. Өйткені баса көрсететіні, негізінен, оның кандидатурасы билікте емес, қоғамда ешқандай қарсылық сезімін тудырмады. Ал екінші жағынан, жаңа президент қаншалықты жаңашылдық пен батылдық танытады деп болжаумен болдық. Себебі бәріміз де бұрынғы модель еліміздің даму жолында тежеуішке айналғанын, сондықтан жүйені жаңарту қажет екенін сезіп отырдық.

Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев ел басқара бастаған тұстағы қаңтар оқиғасына дейінгі кезеңде немен ерекшеленіп, есте қалады? Ең әуелі, қай нәрседе болмасын, Тұңғыш Президенттің көлеңкесі төніп тұрғандай еді. Осыған орай, Кітапхана мен Ақ Орданы тілге тиек еткен көптеген, кейде өте өткір, зәрлі әзіл пайда болды. Шынын айту керек, президент болып сайланған бойда Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамымыз бен мемлекетімізді демократияландыру, либерализациялау бағытында бірқатар ұсыныс жасады. Тек мұның бәрі текке айтылғандай, ең бастысы, іске асыру жағы қолға алынбай қалғандай әсер қалдырды. Жаңа бағдардың ойдағыдай, іске асырылмауына, мәселен, КОВИД эпидемиясы әсер етті деп айта алмаймыз ғой, иә? Өйткені бұл кесапат бүкіл жаһанға таралған соң, Қазақстанға ғана емес, барша әлемге әсер етті.    

Бірақ былайша айтқанда, «тоқырау ішіндегі тоқыраудың» соншалықты айқын сезілуі неліктен?  Мұның жауабы өте оңай – бұл жағдай қос өкімет феноменінің қалыптасып жатқанына байланысты болды:

Біріншіден, бұл феномен басқарушы және бизнес-элитаның өте-өте көп өкілінің, әсіресе, «Семья» деп аталып кеткен топқа жақын адамдардың санасында болды;

Екіншіден, олардың басындағы нәрсе шындыққа айналып жатты. Осынау екұдай жағдайда олардың баяғыша, мұртын балта шаппайтын еді. Олардың, мысалы, «утиль алымы» сияқты жобаларды қабылдатуға шамасы болды. Әкімшілік ресурсты қолдана отырып, пайда алып отырды. Бұл өзінше, бір саботаж еді және мұны бәрі де сезіп отырды…

Бірақ қазір атмосфера қатты өзгерді және бұл өзгеріс үдей беретін сияқты. Сонымен не болды? Мұны тағы да түсініп, ұғыну үшін, қайтсек те, биылғы қаңтар оқиғасына тоқталуымызға тура келеді…

Қаңтар оқиғасы Президенттің нағыз Көшбасшы екенін көрсетті. Еліміздің әр азаматының 2022 жылғы Қаңтарға байланысты айтары көп, әркімнің өз пікірі мен тұжырымы бар. Мен өзім түйген ойымды бөлісейін. Мен үшін әлдебір жаңа заман басталатынынан хабар берген ең басты оқиға – 5 қаңтардан кейін көп ұзамай, президенттің «мен ешқайда кетпеймін, халықпен бірге боламын», деген сөзі болды. Сөзін дәл келтірдім, деп кепілдік бере алмаймын, бірақ мағынасы осы. Мұндай мәлімдемеден кейін бойымда үрей ұялап қана қоймай, мен түсінбейтін нәрсе мазамды қашырды: қаңтар оқиғасының қарсаңында немесе оның нағыз қызған кезінде Тоқаевқа елден кетуді ұсынған кім екен?!.. Және де бұл «біреу» кім? Сонда ол болған тәртіпсіздікке қатысы бар екені кейіннен баршаға мәлім болған Мәсімов пе? Бірақ мұндай кеңес беру үшін оның саяси салмағы, тіпті, қызметтік өкілеттігі жеткілікті ме? Мәсімов «Семьяға» қызмет көрсетіп келген жүйенің ішіндегі делдал деуге болады, бірақ одан артыққа салмағы жетіңкіремейді. Әрине, тергеу аяқталмайынша, бұның нақты егжей-тегжейін біле алмаймыз. Неге екені белгісіз, бірақ елден кету туралы ұсыныс мемлекет басшысының орнын Тоқаев басатынына о баста қарсы болған, Тұңғыш Президентке ең жақын адамдар тарапынан айтылды деген нық сенімім бар… Бұл бір.

Екінші. Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл халықтың алдына шығып, Қауіпсіздік Кеңесінің тізгінін өз қолына алатынын жариялады. Осынау ешкім күтпегендей болып көрінген шешім ел тарихындағы тұтас бір дәуірді әп-сәтте жауып тастады… Бұл қалай болуы мүмкін? Өйткені ол кезде Қауіпсіздік Кеңесін Н.Назарбаевтың өзі басқаратын еді және бұл қызметті заң бойынша «мәңгі-бақи», өмірлікке иемденіп отырған… Бірақ гәп мынада – Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы еш негізсіз ұзақ уақыт үнсіз қалып, саяси сахнадан мүлде жоғалып кетті, елде туған жағдайды реттеу үшін бірде-бір қадам жасамады. Сондықтан мемлекет басшысының жағдайға сай іс-қимыл жасауына тура келді.

Қазіргі президент Қауіпсіздік кеңесін басқарып қана қоймай, бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алды – қатал және батыл әрекет етуге бел буды. Тіпті, төтенше жағдайда төтенше бұйрық шығарды: «Құқық қорғау органдары мен әскерге ескертусіз оқ ату туралы бұйрық бердім» – деді ол. Тез арада қанды тәртіпсіздікке, көше төбелесі мен қиратып-талқандауға ұласып кеткен наразылықтың күшейген тұсындағы оның ымырасыз ұстанымы дұрыс әрі орынды болып шықты. ҰҚШҰ мүшелерінен көмек сұрауы да осылай. Бұл күштердің шұғыл келіп жетуі, Алматының стратегиялық объектілерін күзетке алуы, берген антына адал өзіміздің құқық қорғау органдарымыздың мобилизациясы – мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуге оралуының негізгі себептерінің бірі болды.

Қастандық болғаны, және тек қана ішкі емес, сырттан да астыртын ұйымдастырылғаны күмән туғызбайды. Біз барлық егжей-тегжейін білмейміз және білуіміз де екіталай – бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қастандықты тоқтатты деп айтуға болады. Осылайша, «қос өкімет» туралы дүрліккен тақырыпты да жапты. Қазіргі президент іс жүзінде қажет болған жағдайда мемлекет басқару мәселесінде өзінің батылдық пен табандылық танытуға дайын Көшбасшы екенін көрсетті. Оның үстіне, бұл егемен Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған және мемлекеттің бар болуына қатер туғызған осынау шиеленіскен, қауіпті кезеңде болды. Сонымен, 2022 жылғы қаңтар көп жағынан межелі, маңызды кезеңге айналды. Қаңтар оқиғасы туралы айтқым келгені осы…

Қазір не болып жатыр және біздің не күтуіміз керек? Менің ойымша, қазір жаңа белес, дәлірек айтсақ, өзгеріс дәуірі, саяси реформалар дәуірі деп аталуы мүмкін жаңа уақыт кезеңі басталып келе жатыр. Еліміздің егеменді дамуының логикасы соған үндейді және мемлекет басшысы уақыт талабына сай іс-қимыл жасап жатыр. Жоғарыда айтылғандай, Тоқаев мемлекет басшысы қызметіне кіріскеннен кейін бірден қайта құру туралы айтты. Айталық, сонау 2019 жылдың өзінде ол былай деді:

«Пилоттық жоба ретінде халықтың жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу мүмкін деп санаймын. Мәселен, егер сауалнама нәтижесінде, тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің қызметі тиімсіз деп есептесе, бұл арнайы комиссия құруға негіз болады».

Ешқандай екіұштылығы жоқ, осындай мықты мәлімдемелерді ол сол кездің өзінде жасады. Бірақ қазіргі жағдай мүлдем басқа, ал президент Тоқаев өзінің әр жолдауында күн тәртібіндегі саяси өзгеріс ауқымын барған сайын кеңейтіп отыр. Наурыз айында жасаған  жолдауы қоғамның бұрынғыдай, яғни, соңғы жылдардағы Назарбаев дәуіріндегідей, өмір сүруіне мүмкіндік қалдырмасы анық, себебі ол заманның соңғы жылдарын құлдырау деп қана айтуға болады.

Егер бұрын біздің президент ең ірі партияның тұрақты төрағасы болса, қазір бұл келмеске кетті. Тоқаев партияның атауын өзгертіп, бұл институттан үзілді-кесілді бас тартты. Енді «Аманат» партиясы  қолынан не келетінін нағыз саяси бәсекеде көрсетуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси партияларды құру және ресми тіркеу рәсімін айтарлықтай, оңайлатуының өзі әкімдерді кең балама жағдайында сайлау мәселесіне және осы орайда, құрылып жатқан жаңа көппартиялық жүйеге қайтадан назар аудартып отыр.   Бұл өте маңызды.

Күні кешеге дейін біз «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағиданы ұстандық. Бір кезеңде, тіпті, оң нәтиже де алдық, белгілі бір тұрақтылыққа қол жеткіздік. Бірақ бұл тактикалық қадам болды, оның үстіне, ол тым негізсіз созылып кетті – ақыр соңында, бәрі стратегиялық мақсаттарға, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық салаға нұқсан келтірді. Бірақ та саяси бәсекелестік дамыған жағдайда ғана, барлық салаға, шенеуніктер құрылымына, қаржы-банк секторына сыни көзқараспен қараудың рөлі арта түседі. Міне, бұл нағыз демократияның өзі, ал біз болсақ, оған бара жатқан жолда билік жүйесіндегі өмірлік лауазым сияқты кейбір бақылаусыз бос қиялға ұрындық. Бұл қарапайым шындық сияқты, бірақ, өкінішке қарай, біздің оянуымыз үшін биыл Қанды қаңтар болу керек екен... 

Бабалар даналығын басшылыққа алып…

Ел Президентінің наурыз айындағы жолдауына қайтып оралсақ, онда тез арада шешілуі тиіс ең көкейтесті міндет нақты көрсетілген деп батыл айтуға болады. Бұл шынайы саяси бәсекелестік жүйесін теңшеу және сәйкесінше, бұл саяси модернизация жолына шығу болады. Ал егер біз саяси тоқыраудан шықсақ, онда, шын мәнінде, Жаңа Қазақстанды құруға кірісеміз деген сөз.

Бірақ сонымен бірге, саяси процестердің табиғи барысын тездететін мәлімдеме жасау түрінде асығыстық жасаудан да сақтандырғым келеді… Әңгіме не туралы? Мәселе мынада. Қазір әкімдерді дереу тікелей сайлау, биліктің парламенттік түрін дереу енгізу туралы ұсыныстар жан-жақтан түсіп жатыр… Шындығында, бұл — оттан қашып, жалынға түсу. Уақыттың шектеулі болуы саяси реформаны фантастикалық жылдамдықпен жүргізу керек дегенді білдірмейді – егер біз асығыс-үсігіс қимылдасақ, онда керісінше, жағымсыз нәтижеге келеміз. Мысалы, бұл бақыланбайтын охлократиялық көңіл-күй, аймақтық жершілдік пиғыл болуы мүмкін. Бұл өгізді сойып, етін өзі сүйреген арбаның отына пісіргенмен бірдей. Ал одан кейін қалай жол жүреміз, әрі қарай не істейміз?

Супер-президенттік басқару жүйесінен бір сәтте парламенттік басқаруға өту мүлде мүмкін емес. Айтпақшы, біздің жағдайымызда, біздің менталитетімізбен олай секіру барлық бәледен құтқарады, деп ойламаймын. Президенттік-парламенттік жүйені ендіру әлдеқайда жағдайға сай әрі тиімді болады. Ол саяси реформа тұрпатындағы, яғни президенттік сайлаумен ұштасқан түріндегі біршама дайындықтан кейін келеді деп болжау керек. Және де бұл 2024 емес, 2029 жылғы сайлау. Еліміз күнтізбедегі осынау маңызды белеске саяси және экономикалық тұрғыда толық жаңарған (немесе дайын – кімге қалай ұнайды), саяси таптың, жұртшылықтың және жалпы халықтың барлық топтарының белсенділігі жоғары болған күйде келуге тиіс. 

Кейбіреулер қазіргі ел Президенті баяу қимылдайды деп жар салып, кінә тағады. Маған, керісінше, оның ұсыныстарын бәрін бір жерге үйіп-төкпей, шамалап алға тартатыны ұнайды, мұның өзі оның ой сарабынан өткізілгенін, байыптап жасалған дүние екенін көрсетеді. Бүгін мемлекет басшысы дәйекті жүйелік тәсілдемені ұстанады деп нық сеніммен айтуымызға болады, өйткені ұстануға қолайлы, іс жүзіне асыруға болатын бағыт-бағдар айқындалып көрініп тұр. 

…Қай кезде болмасын, уақыт – қалпына келмейтін ресурс. Сондықтан егер адам, қоғам, мемлекет және, өте маңыздысы, мемлекет қайраткері ілгерілеуге, жаңа нәрсеге қарай аяқ баспаса, онда кейінгі уақыт кезеңі, әдетте, бір орында тапталуға, жеңіліске әкеледі. Ал уақыт күтіп жатпайды. Уақыт аз қалды. Бірақ ежелгінің данышпаны айтқандай –  «Жайлап… асыға бер». Біздің президентіміз осы даналықты ескеріп, нық қадаммен алға басып келе жатқан сияқты.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 30.06.2022, 08:41
Нұрсұлтан Нобельге лайық па?
Доктырхан ТҰРЛЫБЕК 28.06.2022, 12:55
Буденовка қасіреті
Сайт әкімшілігі 27.06.2022, 08:51
Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар
Жарас КЕМЕЛЖАН 24.06.2022, 09:06
Серікқали Брекешевті киіктің киесі ұрады
Марат ТОҚАШБАЕВ 23.06.2022, 14:00
Германия неге соғыс ашты?
Жарас КЕМЕЛЖАН 23.06.2022, 09:23
Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс

Аңдатпа


  • Бибісара МАТ қойды!
    30.06.2022, 08:37
  • Ажалға апарған адал еңбек
    30.06.2022, 08:26
  • Үкіметке қымбатшылығың «бес тиын»
    29.06.2022, 08:34
  • Әкімдердің қауқары жетпей ме?
    29.06.2022, 08:30
  • Орыс мектептерін қаржыландыру – Ресейге қызмет ету
    29.06.2022, 08:39