Жамбылда жол апаты неге жиілеп кетті?

Нұрболат ӘЛДИБЕК

19.10.2021, 09:46

1059

Күні кеше Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде жол-көлік оқиғасының көбейіп кеткені туралы мәселені арнайы жиында қараған болатын. Сол жиында баяндамашы «жыл басынан бері Жамбыл облысында жол-көлік апаттарынан 133 адам қаза тапты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға көбейген. Ал, түрлі дәрежедегі жарақат алғандардың саны мыңнан асады» деген дерек келтірді. Жамбылда жол апаты өткен жылға қарағанда 37 пайызға өскен. Осы жиын өтердің алдында ғана сол автожолдың бойында алты адам апаттан бақилық болған еді.

--  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында тек біздің облысымыз ғана орналаспаған. Алматы, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары да бар. Бірақ оларда жол-көлік оқиғалары біздегідей жиілемеген»,- деді өңір басшысы.

Азаңғысын тағы да жол апаты болып, бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмыпты. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегідей ақпарат таратты.

«2021 жылдың 15 қазанында таңғы сағат 07:20 шамасында, жергілікті маңызы бар «Тараз-Сарыкемер» автожолының 6- шақырымында «Ауди-б4» маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына бағыт алып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 21 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ-2104» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2104» маркалы автокөлігінің жүргізушісі есін жимастан, оқиға орнында көз жұмып, 6 адам түрлі дене жарақаттарымен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптамалар реті тағайындалды.Құрметті көлік жүргізушілері! Тағы да естеріңізге саламыз: «Жолда өте сақ болыңыздар және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтаңыздар!»

Дейтұрғанмен, Жамбылда жол-көлік оқиғасының алдын алуға арналған шаралар нәтижесіз болып тұр. «Жол – қателікті кешірмейді» дегенді жүгенсіз жүргізушілер қаперіне алар емес.   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 08:54
Үкімет зейнетақы қорына қатысты шешімді халықпен неге ақылдаспады?
Нұртаза ҚЫДЫРНИЯЗОВ 03.12.2021, 08:48
Қауіп қайдан?!
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 01.12.2021, 09:20
Жауапкершілікке шекесінен қарайтындар ел мүддесіне қызмет етпейді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 30.11.2021, 09:00
2,5 миллиард теңге кімнің қалтасында кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.11.2021, 09:00
Теңгесінде тұрақ, үкіметінде естір құлақ жоқ елдің жайы не болмақ?!
Көпжасар НӘРІБАЕВ 23.11.2021, 14:20
Желтоқсанның себебі мен салдары

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14