Жұрт кімге, неге сенерін білмей жүр?

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

26.07.2021, 09:10

5719

Қазір әлемді дендеп жатқан  коронавирус қазақ қоғамын да  әрі-сәрі күйге түсіріп, елдің дегбірін қашыруда.  Індетке қатысты әлемдік денсаулық сақтау ұйымының да болжамдары мен зерттеулері көңілді аса көншітіп тұрған жоқ. Мәселен,  жуырда ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, қазірде  Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзербайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина мен Косово және Қазақстан   дәрі-дәрмегі ең қымбат елдердің қатарына қосылды. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл мемлекеттерге алдағы уақытта дәрі-дәрмек бағасын ретке келтірумен мықтап айналысу керек. 

Ақиқатын айуты керек, қазіргі жағдайда жұрт кімге, неге сенерін білмей қалды? Бірі министрдің аузын бақса, енді бірі бұл-саясат деп қолын сілтеді. Ал медицинаға сенбеген қайсыбірі бақсы-балгер аралап, солардың көмегіне де жүгініп кетті.  Халықтың санасын «ауруханаға барсаң коронавиурс,-деп статистикаға  қоса салады» деген де қорқыныш меңдеп алды. Мұны ескерген сарапшылар нақ қазіргі жағдайда, өзін-өзі емдеушілердің республика бойынша артып кеткенін айтып дабыл қағуда. Елдің бұрын да бұл салаға сенгенінен сенбегені көп еді. Қазіргі жағдай халықтың күдігін тіпті қоюлатып жіберді.

Ендігі кезекте мамандар денсаулық министрі  Алексей Цой мырза шұғыл түрде осы келеңсіздіктерді  ескеріп айтылған ұсыныстарға мән берсе дейді. Ол үшін   біріншіден, ірі қалаларда қап­тап кеткен дәріханалардың санын шектеуге назар аудару керек. Екіншіден,  ше­кара асып келген дәрілерді жан-жақты тал­дай­тын, зерттейтін веб-зертханалар ашу қажет. Үшіншіден, жал­ған дәрілік заттарды тарат­қандарға қылмыстық жауапкершілікті қатайту керек. Бұл ретте сапасыз, жал­ған дәріні сатылымға шығарған компа­нияларға Францияда, АҚШ-та 2 млн дол­лар көлемінде айыппұл салынса, Ұлыбританияның қылмыстық атқару жүйе­сі жазықтыларды дереу бас бостан­дығынан айыруға дейін барады.

Міне, мамандардың пайымынша, дәрі-дәрмектің 90 пайызын шеттен алатын Қазақстанға болашақта осымәселені мықтап ескерген жөн. «Абзалында, қазіргі жағдайда «барлығы бақылауда» деп арқаны кеңге сала бермей ақиқатты ашып айтып, жоқты жоқ, болмасты болмайды деп айта білу де халыққа жанашырлық» дейді мамандар.

Тегтер: карантин шектеу коронавирус қауіп

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 23.09.2021, 09:05
Қазақстанға АЭС керек пе?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.09.2021, 15:00
Орынбасарлары орын ауыстырса да Ахметов өзгермейді
Расул ЖҰМАЛЫ 22.09.2021, 08:35
Ауған тартысы және қазақ мүддесі
Жарас КЕМЕЛЖАН 16.09.2021, 07:50
Арман Шораев: Кейбір саяси шешімдер Мәскеуге тәуелді
Берікжан БАЙБОТАЕВ 15.09.2021, 09:30
«Сұмырай келсе су құриды...»
Батыр ЖАСҰЛАН 15.09.2021, 08:16
Тілді талқыға салатын төрт топ бар

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39