14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады

Сайт әкімшілігі

02.12.2021, 15:50

1115

Бүгін, 2 жетоқсанда сенаторлар "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады. Алдын ала мәлімет бойынша, 14 мыңнан аса сотталушы рақымшылыққа ілінеді, оның ішінде мыңға жуық адам босатылмақ. 

Заңға сәйкес, Қылмыстық кодекстің кейбір баптары бойынша сотталғандарға жазаның өтелмеген бөлігі қысқартылады не пробациялық есептен шығарылады, ал онша ауыр емес қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

«Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған маңызды заңды қабылдадық. Рақымшылық – бұл гуманизм актісі, заңды бұзған азаматтарға қатысты мемлекеттің ізгі ниеті мен білдірген сенімі. Ол жасаған әрекетінің ауырлығы ескеріле отырып, ардагерлерге, кәмелет жасына толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, I, II топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне аса қатер төндірмейтін адамдарға қатысты қолданылады», — деді Мәулен Әшімбаев.

Тегтер: заң заң жобасы министрлік заңгер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48