24 шенеунік бір күнде сотталды

05.06.2018, 21:50

240

Ақмола облысында жерлерді заңсыз сатып, пайдаға кенелуді көздеген шенеуніктердің бастары дауға қалды. Екі жарым жыл бұрын әшкере болған 24 мемлекеттік қызметкердің заңсыз  істері сотқа жіберілген болатын. Аталмыш іс Астана маңындағы Тайтөбе, Қоянды, Қосшы елдімекендерінің тұрғындарына сатылған телімдер бойынша қозғалған еді. Қызметін асыра пайдаланған мамандар 200-ге жуық тұрғынды сан соқтырып кеткен.[caption id=«attachment_12491» align=«alignnone» width=«1920»]Фото сот залынан[/caption]Олардың былығын прокурорлар 300 жер телімін тексерген кезде анықтаған. Бірден қылмыстық іске қатысы бар деген 16 қызметкер қамауға алынса, тағы 8-і қолхатпен жүрген. Енді, міне, екі жарым жыл қаралған сот ісіне нүкте қойылды. Соттың шешіміне сәйкес, Қосшы кентінің бұрынғы әкімі Елібек ӘБУОВ 5 жылға, жер кадастры бөлімін басқарған Арман СМАЙЫЛОВ 4 жылға сотталды. Осылайша, 24 адамның 19-ына әртүрлі мерзімге жаза кесілді. Сондай-ақ, 8-і 1 миллионнан 2 миллион 400 мың теңгеге дейін айыппұл арқалады. 5 қызметкер кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды. Ал, ең ауыр жаза Целиноград аудандық жер қатынастары бөлімін басқарған Айзада ТӨЛЕГЕНОВАҒА берілді. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, соған басшылық етіпті.[caption id=«attachment_12492» align=«alignnone» width=«1920»]Судья Арлан Қосжанов[/caption]Төлегенова Айзада Жақияқызы ҚР Қылмыстық Кодексінің 235,175,177,307, 190 бабтары бойынша, кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын  Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады,– дейді Ақмола облыстық сотының судьясы Арлан ҚОСЖАНОВ.

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:00
Nur Otan өз депутаттарының игі істерімен бөлісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:33
«Көзір» күйді: Маминнің тағы бір өтірігі ашылды
Алып АРСЛАН 08:28
«...Аузы жаман елді былғайды»
Сайт әкімшілігі 17.09.2021, 16:00
"Бізге үлкен ойындар қажет емес". Тоқаев ШЫҰ саммитінде не айтты?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 17.09.2021, 14:00
Цой қайда қарап отыр?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 16.09.2021, 15:00
Байахметов баспанасы жоқ әкімді енді байқады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39