6 млрд доллар қайда?

Жемқорлар тағы да халықты жанармайсыз қалдырды

Әділ АҚЫЛБАЙ

20.10.2021, 16:20

1340

«Жаңа ғана жанармай құйып алдым. Дизель мәселесі әлі де шешілмеген екен. Өзіміздің мұнай өңдейтін үш зауытымыз бар. Бірақ оның бәрі ескі: Атырау МӨЗ 1945 жылғы, Павлодар МӨЗ 1978 жылғы, Шымкент МӨЗ 1985 жылғы. Масқара ғой, 1945 жылы салынғанды әлі пайдаланып жатырмыз», – деп дабыл қағып отыр саясаттанушы Санжар Боқаев. – Қарап отырсаңыз, біз сол зауыттарда қайта-қайта модернизация жасаумен айналысып жүреміз. Соңғы рет 2018 жылы модернизация жасалған кезде біздің үкімет ішкі нарығымыздың қажеттіліктерін толықтай қамтимыз деп уәде берген болатын. Бірақ жыл сайын күзде бәрібір елде дизель жоқ. Халықаралық тәжірибеге қарасақ, көптеген елдер 2-3 миллиард долларға жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салып жатады. Мысалы, BP компаниясы 3 миллиард долларға керемет модернизация жасап, біздің үш зауытымыз беретін көлемдегі жанармай шығаратын деңгейге жеткізген. Ал бізде 2018 жылы болған модернизацияға 2 триллион теңге немесе 6 миллиард доллар жұмсаған екенбіз. Сонда оның қай жеріне қандай модернизация жасағанын өздері де білмейді. Сол модернизацияның қалай өткенін тексерген жөн деп ойлаймын. Өйткені мұның астарында үлкен жемқорлық жатыр. Мұнайдың үстінде отырып біздің халық қажетті көлемдегі және де дұрыс сападағы жанармайға қол жеткізе алмай отыр. Бұл енді өте ұят нәрсе. Анау Өзбекстан соңғы 15 жылда үш газ-химиялық комбинат-зауыттарын салып алды. Біз әлі біреуін де салған емеспіз. Сондықтан кішкене болса да, намыс болуы керек еді ғой, біздің жемқорларымызда, – деп күйінеді саясаттанушы.

Тегтер: тендер мемлекеттік сатып алу мәселе жемқорлық рейдерлік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ АҚЫЛБАЙ 15:46
Назарбаев дұрыс істеді!
Сайт әкімшілігі 13:15
Тоқаев үкіметке жаңа кадрлар даярлау жөнінде тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 11:35
Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылын қалың бу басып қалды
Еңлік АБАҒАН 09:16
Ырымшыл Бозымбаев һәм Баталовтан қалған аутсайдер облыс
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:15
Сталин өлтірді, Ақсақалов күресінге тастады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:08
30 градус аяз болады

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14