АЭС-тің арты жақсы бола ма?!

Сайт әкімшілігі

04.08.2022, 08:55

2192

 Елімізде АЭС-ын қауіпсіз пайдалануды қамтитын кадрлар жоқ.-деп хабарлайды «Жас Алаш»  КТК арнасына сілтеме жасап. 

Атом электр станциясының біреуін де салып көрмеген Қазақстан екіншісінің құрылысын жоспарлауға көшті. Алдағы он жылда ол Ертіс өзені бойында, яғни Абай облысындағы Курчатов маңына жақын жерде бой көтеруі мүмкін. Энергетика министрлігі екінші АЭС көміртегіге мұқтаждықты әлдеқайда құтқарады деген ойда.

— Бірінші станция құрылысы басталып сәтті іске қосылған жағдайда «Қазақстанда қанша атом электр стансасы болады?» деген екінші сұрақ туындайды. Бұл сұраққа да қатысты талқылау жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Ертіс бойында, Курчатов қаласы ауданында пайда болуы әбден мүмкін. Егер Қазақстан көміртегі бейтараптығы жолын таңдайтын болса, онда бірнеше атом электр стансасын салғаннан басқа шығар жолы жоқ. Демек, Ертіс, сөзсіз, келешегі бар алаң.

Министрлік еліміздегі бірінші АЭС Алматы облысындағы Үлкен ауылында, Балқаштың бойында салынады деген нақты шешімін жария етті. 2025 жылы құрылысы аяқталуға тиіс. Оған дейін шенеуніктер станцияны салудағы Франция, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея және Біріккен араб әмірліктерінің технологиясын, оның жақсы және жаман жақтарын зерттеп көріп жатыр.

Белгілісі, Қазақстан америкалықтар ұсынған технологияға енді жоламайды. Өйткені АҚШ әдісімен салынған станция жоқ екен. Әзірге энергетика министрлігі кешенге қанша қаражат жұмсайтындарын жасырын ұстап отыр. Бірақ құрал-жабдық сатып алып, білікті мамандар даярлауға қаржылары дайын сыңайлы. Елде атом электр станциясын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін кадрлар жоқ.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

— Жылдың басында MIFI бірнеше Ресейде орналасқан ядролық физикамен айналысатын институтаттар сондай мамандарды дайындайды. Солармен келісімге келдік. Біздің мамандарды дайындайды. Қазір Венгриямен сөйлесіп жатырмыз. Венгрия да өте дамыған бұл жағынан. Егер құрылысты бастасақ, мысалы 2035 жылы бітіретін болсақ, сол мерзім ішінде екі мың адамды дайындауға мүмкіншілік бар.

Тегтер: АЭС энергия жарық қуат экономика

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 14:15
Алматы тұрғыны Әл-Фараби бойындағы тұрғын үй құрылысына шағымданды
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 10:38
Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 15:56
Назарбаев елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 13:39
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия күдіктіні Қазақстанға экстрадициялауға әлі жауап берген жоқ
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 11:37
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:09
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49