Аида Балаева Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Сайт әкімшілігі

11.01.2022, 19:16

739

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Жас Алаш».

 Аида Ғалымқызы Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы. 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы. 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары. 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары. 2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры. 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы. 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2020 жылдың 4 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды Құрмет» орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Тегтер: министр реформа халық пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 13:20
Заңсыз байығандардың зәресі ұшып отыр
Жарас КЕМЕЛЖАН 19.01.2022, 10:10
Ерлан Саиров, саясаттанушы: Мемлекеттілікті сақтау, барлығымыздың басты миссиямыз!
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.01.2022, 00:00
Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 18:50
Назарбаев халыққа үндеу жолдады
Дос КӨШІМ 18.01.2022, 17:20
Президентті қолдау деген сөзді билікті қолдау емес, мемлекетті қолдау деп түсіну керек
Жарлы БАЙҒАНИН 18.01.2022, 13:50
«Атамекен» кімнің ата мекені?

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38