Аида Балаева «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығының ашылуын қолдады

Сайт әкімшілігі

14.06.2021, 16:35

1062

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елімізде жаңадан ашылған «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығымен танысты. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне арнайы барған министр Facebook-тегі парақшасында жоғары оқу орнынан алған әсерімен бөлісті.

         «КАЗГЮУ — тек білім беруге ғана емес, студенттің дамуына да көп көңіл бөлетін, халықаралық деңгейдегі заманауи университеттің эталоны. Спортқа баса назар аударатынына, студенттердің қызығушылығы бойынша түрлі қосымша сабақтарға мән беретініне риза болдым. Былайша айтқанда, студенттер университеттегі уақытын өз пайдасына өткізеді, дамиды әрі қосымша қабілеттерді меңгеріп шығады»,- деп жазады Аида Балаева.

         Кездесу барысында министр мен университет басшылығы бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы әңгімелесті. Журналистік этика бойынша семинар өткізу туралы, студенттердің еліміздегі үздік бұқаралық ақпарат құралдарында іс-тәжірибеден өтуі мәселелерін талқылады. КАЗГЮУУниверситетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев әлеуметтік желілердегі парақшасында министрмен кездескенде қандай тақырыптарды қозғағаны туралы жазды.

         «Аида Ғалымқызымен бірге шешуге болатын мәселелерді ашық талқыладық. Масс-медиа саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі, көптеген ЖОО-ларда білім бағдарламасы мазмұнының ескіруі, баспасөз беттеріндегі шыққан материалдарда деректердің талданбауынан БАҚ-тағы әдептілік деңгейінің төмен болуы сынды мәселелерді айттық», — дейді университет басшылығы. 

         Естеріңізге сала кетейік, жақында КАЗГЮУуниверситеті осы жылдың қыркүйек айында «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығы ашылатыны туралы хабарлады. Жаңа білім беру бағдарламасының мақсаты — құқықтық және экономикалық салада, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында терең білімі бар аналитик-журналист мамандар дайындау.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 09:03
Қылмыстық істердің 68 пайызы электронды форматта қаралды
Сайт әкімшілігі 08:54
«Құрметті олигархтар» қазақ спортын құртыпты
Еркежан АРЫН 03.08.2021, 16:50
Қазақстан – Еуроодақ: сот саласындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейі
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:42
Азаматхан Әміртай: ҚазҰУ-дағы дау: студенттер жатақханасыз қалмақ па?
ІІМ ӨҚД бастығы А.Саданов 03.08.2021, 09:14
Түрмеден хат: Тұрғынбаевтың жауабы қысқа болды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:32
Түркиядағы өрт: террористік ұйым жауапкершілікті өз мойнына алды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58