Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..

Жарас КЕМЕЛЖАН

29.09.2022, 08:37

1476

Коллаж Марат Сәбдікен

Көмейің бүлкілдеп, бірнәрсе айтқың келіп тұрса да, тіліңді тістеп қалатын кездер болады. Бір жағынан, ол өте жақсы қасиет. «Ақылың жетпесе, аузыңды жап» деген. Бірақ біздің үкіметбасы сол қарапайым қағиданы түсінбейтін сияқты. Дәл қазір қазақтың қаны қызып, жаны күйіп тұр. Ал үкімет басшысы Әлихан Смайылов отқа май құйып отыр.

Бұл бір жағынан, халықты арандату. Арандату емей немене? Бүкіл қазақ қоғамы Путиннің мобилизациясынан қашып келіп жатқан орыстарды елге кіргізуге ынталы емес. Оған әртүрлі себеп те бар. Ресейліктер келмей жатып, пәтер жалдау көз ілеспес жылдамдықпен қымбаттады. Азық-түлік бағасы аспандады. Мәскеуліктердің табаны қазақ топырағына тимей жатып, «права качать» етіп жатқаны тағы бар.

          Ал осындай қиын сәтте халықтың жүйкесіне тиюдің ауыр болатынын жоғары жақтағылар неге ескермейді екен? Тағы бір қаңтар қасіреті қайталанбасын десе, айтар сөздің алды-артын жонып, қырнап алуды үйрену керек сияқты біздің шенеуніктерге.

Білдей үкіметбасы, ныспысы Алаш көсемі Бөкейханмен аттас, жоғары лауазым иесінің қоғамға жақпайтын шикі сөзді айтуы – түзетумен тезге келмейтін дүние.

Әлихан Смайылов көші-қонға байланысты өткен жиналыста: «Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ келген ресейліктерге көмектесу керек: оларды дер кезінде тіркеу және ЕАЭО заңнамасына сәйкес, еңбек мәселелерін шешу бойынша жұмысты күшейту қажет. Сонымен бірге, жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды», – деді қайбір күні.

Жұрттың жүйкесіне тию деген – осы! Онсыз да қазақтың жаны қысылып отыр. Шекараны бірнеше күн ашып, мыңдаған орысты Қазақстанға кіргізген биліктің бұйдасыздығына күйінген халық. Шетелден келген қазаққа бес жыл құжат бермей, қашып келген орысқа жайылып жастық, иіліп көрпе болғысы келген билік. Осыдан кейін қалай күймейді, қалай күйінбейді? 

Ал Смайылов жанғалы тұрған жұрттың жүйкесіне шырпы тастағанын кеш түсінді-ау, сірә. Қаңтар оқиғасының қалай басталып, қалай аяқталғанын көзі ашық, көкірегі ояу жұрт өте жақсы сараптайды. Әлдебіреулер қазаққа қысастық жасады, жастарды арандатты. Басқа түк жоқ. Әлихан да солай жасап жатыр. Пәтерінен қуылған жастарды жарылқай алмай жатып, отанынан қашып келген ресейліктерге көмектесу керек, еңбек мәселесін шешу қажет, тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыру керек дегеннің бәрі – қазақты отқа айдау емей немене? Өз қазағыңның аузы аққа жарымай тұрып, өзгені жарылқаймын деу – бұл білікті басшының дипломатиясы емес.

Айтылған сөз – атылған жоқ. Бір күннен кейін үкіметбасы әлгі сөзін жоққа шығарып жатыр екен. «Өз халқымыздың мүддесінен жоғары ешнәрсе жоқ» дегендей әңгіме айтыпты. Одан не өзгереді? «Пойыз» жүріп кетті. Асханұлына енді абайлап сөйлеу керек! Кеңесшілері не қарап отыр? Бастықтарына сөз келтіретін ондай мамандармен «Еститін үкімет» құра алмайтынын Смайылов ерте түсінсе дейсің?

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 17:42
Тоқаев пен Макрон Елисей сарайында келіссөздер жүргізді

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43