Әй, Қытай! Қазақтың қанша жерін тартып алдың?

Шындығында, Қытайға қанша жеріміз берілгені ешкімге белгісіз

Әділ АҚЫЛБАЙ

12.01.2021, 09:15

2919

Ресей баспасөзінде тағы да КСРО-ны аңсағыштардың кезекті мақаласы шығыпты. «Одақ ыдырағаннан кейін кешегі кеңестік елдер өз жеріне ие бола алмай, шетінен айырылып жатыр» депті. «Әсіресе Орталық Азия елдері тәуелсіз мемлекет атанғаннан кейін біраз жерлерін Қытайға беруге мәжбүр болды», – депті «Взгляд» газетінің шолушысы.

      Мақалада кезінде Жоңғар хандығының (XVII-XVIII ғасырлар) құрамында болған жердің бәріне Қытайдың қашанда таласы болған делінеді. Бұл жерлер  қазіргі Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қырғызстан екен. Ол жерді енді оңайшылықпен қайтара алмайтынын білген Қытай билігі қулыққа көшіп, әуелі Қазақстанның 34 мың шаршы шақырым «даулы» жеріне таласуды бастады. 1990 жылдары шекарада болуы ықтимал қақтығыстардан сескенген Қазақстан билігі Пекинмен арадағы барлық шекаралық дауларды шешіп алуға асықты. Сол үшін Қазақстан екі рет Қытайдың ығына жығылды. 1994 жылы Қазақстан шекара туралы келісімге қол қойып, 946 шаршы шақырым жерін Қытайдың иелігіне бере салды.

      1997 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақ-қытай шекарасын демаркациялау туралы түпкілікті келісімге қол жеткізді. Ресми дерек бойынша Қытайға тағы 407 шаршы шақырым территория өтіп кетті. Бірақ ол құжат әлі еш жерде ашық жарияланған жоқ. Содан секемденген Қазақстан қоғамы Қытайға, шындығында, бірнеше мыңдаған шаршы шақырым жер берілген болуы мүмкін деген күдік білдіреді.

         Әйтсе де Қазақстан саяси бүлікке жол бермей, Совет Одағынан қалған «даулы жер мәселесін» шеше алды. Қырғыздар, мәселен, өйте алмады. Қырғыздың Қытайға берген жерлерінің ішінде жергілікті көшпенді халықтар үшін киелі маңызы бар Хан Тәңірі тауы да кетті.

      Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевқа да қытайлармен келісуге тура келді. 1999 жылы Бішкек пен Пекин арасындағы келісімге сәйкес, Қытай тарапы 161 шаршы шақырым жерді алып қойды. Бұл жайтқа қырғыз халқы қатты наразы болып, осы мәселе 2005 жылы елдегі тұңғыш революцияға әкелген басты себептердің бірі болды. «Қытай дегеніңіз – қатты қарқынмен өсіп келе жатқан тым алып держава, қырғызға қалайда жерге қатысты дауларды шешіп алу керек болды. Бірақ келешекте Қытай тағы да Қырғызстанның жеріне қатысты жаңа дау көтеріп жатса, мен таңғалмаймын. Қытайдың алдындағы үлкен қарыздары үшін ертең Тәжікстан немесе Шри-Ланка сияқты жер беруге мәжбүр болмайық», – дейді қырғызстандық сарапшы Марс Сариев.

      Орталық Азия елдері Қытайдан қатты үркіп отыр. Қазақстанда Қытай компанияларына ауылшаруашылық жерлерін жалға беру туралы түрлі жобалар бастапқы талқылау кезеңінде-ақ қабылданбай қалды. Ал Қырғызстанда қытайлық тау-кен компанияларына қатысты кез келген даудың соңы ереуілдермен және қанды қырғынмен тынып жатады.

       Бірақ Орталық Азия елдері Қытайға экономикалық жағынан тым тәуелді. Олар қайтаруға қауқары болмаса да, Қытайдан миллиардтаған доллар несие алуға мәжбүр. Билік барып қарыз алады, ал халық болса «өзінің жемқор үкіметі ертең қарызды жермен қайтарып беруден немесе жер қойнауы мен кеніштерін беруден тайынбайды» деп, үлкен алаңдаушылық танытып келеді. Өйткені мұндай жағдай Тәжікстанда орын алған-ды.  

      Рас, Қытайдың пайдасына өз жерінен айырылу жағынан тәжіктер қазақ пен қырғыздан асып түсті. 2011 жылы Қытай Халық Республикасының «туған күніне» Тәжікстан салтанатты түрде Қытайға 1,1 мың шаршы шақырым жерін сыйлады. Бұл дегеніңіз – Тәжікстан территориясының 0,77 пайызы. Бұл тәжіктердің экономикалық тұрғыдан Пекинге тым тәуелді болғанынан туындаған мәжбүрлік. Тәжікстанды әлі күнге дейін Эмомали Рахмонның қатал режимі билейді, елде оппозиция деген атымен жоқ, ол тамырымен жойылған. Мұндай жағдайда президент ойына келген шешімін жүзеге асыра береді. Іс мұнымен бітпеді, Тәжікстан жол салуға, жылу-энергия мен басқа да инфрақұрылымы үшін Қытай кредитіне белшесінен батып кетті. Кедей мемлекеттің қарызды қайтаратын ақшасы жоқ, ақыры қытайлық компанияларға алтын, күміс және көмір кеніштерін беріп тынды.

Тегтер: жер дауы мәселе құқық мүдде

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:31
Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді
Б.БЕКСҰЛТАНОВ 16:02
Сайлау өтті, ары қарай не болмақ?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 11:26
"Екіншінің" екпіні Едігедей болмады
Батыр ЖАСҰЛАН 09:32
Мамин мықты премьер ме?
Досым СӘТБАЕВ 20.01.2021, 09:26
Мамин не үшін әлі отыр?
Әділ КЕМЕҢГЕР 19.01.2021, 13:32
Жағымпаздық үшін қылмыстық жаза керек

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15