Әкімдер арасындағы текетірес ушығып барады

Мариям МАҚСАТ

30.04.2021, 16:03

3968

«Жас Алаш» өткен нөмірде бұрынғы мәжілісмен, бүгінде Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің ширек ғасырлық мемлекеттік қызметінде алғаш рет сөгіс алғанын жазған болатын. Бұл облыс пен қала әкімі арасындағы текетірестің басы ғана екен. Күні кеше Ақсу қаласы әкімдігінің бір топ қызметкері Әшімбетовтің әрекеттеріне шағымданып, аймақ басшысына хат жолдады. Соған қарағанда Павлодар облысындағы саяси элита арасында қарусыз майдан басталған сыңайлы. Екі әкімнің «басы» бір қазанға неге сыймай қалды?

Ақсу қаласында бәлен жыл бойы еңбек етіп жүрген бір топ мемлекеттік қызметші Нұржан Әшімбетов қаңтар айының соңында әкім болып тағайындалғаннан бері күн көрсетпейтінін жазған. Олардың сөзіне қарағанда, шаһар басшысы моральдық-этикалық нормалардан, сыпайылықтан, әріптестермен адам сияқты сөйлесуден жұрдай. Қол астындағы қызметкерлерге тіл тигізіп, оларды ашықтан-ашық «ұрылар», «жемқорлар» деп атайтын көрінеді. Шенеуніктер «мұндай бассыздықтарға әбден тойып біттік» дейді.

«Ол қызметімізден ерікті түрде кетуімізге, негізсіз түсініктеме жазуға мәжбүрлейді. Одан бас тартқан жағдайда «заң бойынша қызметтен қуамын» деп қорқытады. Күн сайын, мереке мен демалысқа қарамастан, бітпейтін жиын өткізеді. Ол кешкі сағат 19:00, 20:00-де болуы мүмкін. Бөлім басшылары ылғи жиналыста болғандықтан, негізгі міндеттерін атқаратын уақыты болмайды. Жиындарды әкімдіктің залында санитарлық талаптарды сақтамастан өткізеді. Бұған дейін жетіден астам мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығарып жіберді. Олар – әкімдік мамандары, жекелеген бөлім басшылары, аппарат басшысы. Бос орындарға бұрын өзінің қол астында қызмет атқарған Хабылбеков, Қызыров, Омаров сияқты адамдарды алды», – делінген хатта.

Хат иелерінің айтуына қарағанда, мемлекеттік қызметшілер былай тұрсын, «Нұр Отан» партиясы Ақсу қалалық филиалы төрағасының орынбасары  да қызметтен кеткелі жүр. «Біз мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек еттік. Қатардағы маманнан бастап, тәжірибе жинап, бөлім басшылары болдық. Бірақ мұның барлығына Әшімбетов мырзаның кесірінен нүкте қойылғалы тұр», – дейді олар. Хатқа қол қойғандардың қатарында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экономика сынды бөлімдердің басшылары да бар.

Шенеуніктер облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтан еш қайыр болмаса, президент пен елбасынан көмек сұрап, бейнеүндеу жазатынын да ескертті. Әзірше облыстық әкімдік тарапынан бұл мәселеге қатысты жауап болған жоқ. Әбілқайыр Сқақов экс-мәжілісменге тағы да сөгіс жариялай ма екен, әлде біржолата қызметінен кетіре ме? Ол жағын уақыт көрсетер. Әйтеуір, не  керек, қазір Ақсу қаласының әкімі үлкен күшке қарсы «майданда» жалғыз өзі қалды. Бір қызығы, бұған дейін Әшімбетов Павлодар мен Екібастұз қалаларының әкімі болған кезде оның үстінен облыстық әкімдікке осы іспетті шағымдар түскен емес.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 09:53
Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды
Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 08:57
ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді
Әділ АҚЫЛБАЙ 23.09.2022, 08:47
Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:16
Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:53
Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:48
Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41