Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!

Сайт әкімшілігі

14.01.2022, 08:54

2432

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестіктен кейін Қазақстанның бас прокуратурасы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Осыған байланысты  Бас прокуратура «Алматы трагедиясы» бойынша ресми мәліметтермен бөлісті. 

Бас прокуратураның мәліметінше, Алматыдағы тәртіпсіздік пен лаңкестіктен кейін 494 қылмыстық іс қозғады. Оның ішінде 44-і терроризм актісі бойынша.

Ал төтенше жағдай кезінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік өндіріс қозғау туралы 6966 хаттама толтырылды, 4918 адам әртүрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1978 адам қамауға алынды. 791 адамға айыппұл салынса, тағы 2149-ына ескерту жасалды. 2048 материал сот қарауында жатыр.

«Бүгінде жедел тергеу топтары 494 қылмыстық істі тергеп жатыр. Оның ішінде 44 – терроризм актісі, 34 – жаппай тәртіпсіздік, 15 кісі өлтіру және басқалары. Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен 412 адам қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Бас прокуратура адам шығыны болған оқиғаларды тергеп-тексеруге ерекше назар аударылатынын, қазір ел бойынша олардың жалпы саны анықталып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ ведомство жеке басы анықталмай ұсталғандар сот санкциясымен қабылдау-тарату орындарына орналастырылатынын ескертті. Жеке басын анықтағаннан кейін, егер олардың іс-әрекетінде қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері байқалмаса, оларға қандай да бір шара қолданылмайды, дереу босатылады.

Бас прокуратура азаматтарды заңдылықты сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Тегтер: лаңкес қауіп қатер терроризм соғыс қантөгіс мемлекет халық әлеумет қоғам пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:41
Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 09:39
Ішкі істер министрі бірнеше шендіні тағайындады
Сайт әкімшілігі 08:45
Ташкентте ШЫҰ туристік форумы өтеді
Сайт әкімшілігі 17.05.2022, 20:37
Халықтың референдумға деген қызығушылығы жоғары
Сайт әкімшілігі 17.05.2022, 18:20
Атырау облысында өткен AMANAT партиясының кездесуінде референдумның маңызы талқыланды
Сайт әкімшілігі 17.05.2022, 17:20
Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесі қашан қаралады?

Аңдатпа


  • «Құдай маған форточкадан береді»
    17.05.2022, 05:08
  • Халықты тонаудың бір әдісі
    17.05.2022, 05:13
  • Қайран 16 миллиард...
    17.05.2022, 05:00
  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12