Алматы тұрғыны Әл-Фараби бойындағы тұрғын үй құрылысына шағымданды

Сайт әкімшілігі

15.08.2022, 14:15

2706

Алматы тұрғыны Әл-Фараби даңғылы бойында салынып жатқан құрылысқа шағымданды. Ол құрылыс ережесі бұзылып жатыр деп есептейді. Алматы әкімдігі оқиғаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

Алматы тұрғыны редакцияға Әл-Фарабидің төменгі (оңтүстік) жағында жаңа тұрғын үй кешені салынып жатқаны туралы хабарлады. Оның айтуынша, Primavera тұрғын үй кешені маңындағы шағын жерге үйлер салынып жатыр. Қала тұрғыны жаңа ғимарат ауа өтетін шағын дәлізді жауып тастайтынын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғынның айтуынша, көршілес тұрған жеке тұрғын үй ғимаратының шұңқырға ойысу қаупі бар.

Жергілікті белсенді құрылыс алаңы тағдырына алаңдап, оны дронмен әуеден видеоға түсіруге тапсырыс берген.

Алматы қаласы әкімдігі Жарокова, 370 мекенжайындағы № 20-313-011-711 жер телімі жеке тұлға меншігінде екенін хабарлады. Учаскенің нысаналы мақсаты – халыққа қызмет көрсету нысандары мен автотұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешені.

2020 жылы жекеменшік иесі тұрғын үй кешенін жобалауға жоба алдындағы құжаттаманы алған.

«Алматы қаласының сәулетін қалыптастыру және қала құрылысын салу қағидалары» қабылданғанға дейін жоба алдындағы құжаттар халық тығыздығының жаңа стандарттары мен жобаларға қойылатын талаптар бойынша бекітілген. Құрылыс басталғанға дейін жоба алды құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне міндетті мемлекеттік сараптамадан өтеді", — деді әкімдіктегілер.

Еске салайық, 2022 жылдың маусымында Алматы қаласы мәслихатының депутаттары құрылыс ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізіп, Абай даңғылынан жоғары ғимараттардың биіктігін шектеп, тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салған болатын.

Тегтер: тұрмыс қоғам мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 09:53
Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды
Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 08:57
ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді
Әділ АҚЫЛБАЙ 23.09.2022, 08:47
Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:16
Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:53
Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:48
Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41