"Алматы жылу желілері" бас директоры ұсталды

Сайт әкімшілігі

23.01.2023, 16:06

1328

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы жылу желілері» бас директорының ұсталғаны туралы ақпаратты растады. 

«АлТС» басшысы лауазымында — Қуаныш Бейсенбинов. Антикор оның ісіне қатысты мәліметтерді кейінірек беруге уәде берді.

Бұрын әлеуметтік желілерде Бейсенбинов пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарланған еді. Ол жеткізушіден 16 миллион теңге алғаны туралы айтылған. Бұл ақша Алматыдағы жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша аяқталған жұмыстардың актісіне қол қоюға және қолдауына арналғаны хабарланды.

Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу желілері» ЖШС-нің басшысы болып 2018 жылдың сәуірінде қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбектің бұйрығымен тағайындалған болатын. Оған кәсіпорынның тиімділігін арттыру, стандартты және артық жылу шығындарын азайту, сондай-ақ өндірістік процестерді цифрландыру және қызмет көрсету бойынша бірқатар міндет қойылған.

Бұған дейін 2016 жылдың қарашасынан бастап Бейсенбинов басқа «Алматы су» коммуналдық кәсіпорнын басқарды. Осыған дейін Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарса, 2009 жылы Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Тегтер: пара қылмыс күдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ АҚЫЛБАЙ 07:17
Ресей Путиннен қашан құтылады?
Сайт әкімшілігі 02.02.2023, 16:00
ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
Сайт әкімшілігі 02.02.2023, 10:35
Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 07:12
Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 17:45
Әсет Матаев парламент сайлауына қатысады: "Біздің буын көптеген мәселелерді шеше алады"
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 15:19
Мәртебелі фамилияңыз әділдікті қалпына келтіруге кедергі емес – Ерлан Саиров

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16