Алматыда БАҚ жөніндегі заңды қайта қарау барысында журналистердің мәртебесі талқыланды

Сайт әкімшілігі

25.06.2022, 11:40

1401

Алматыда  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың қатысуымен БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланып жатыр.

Бұған дейін БАҚ жөніндегі заңды талқылаудың алғашқы отырысы өткен болатын. Жұмыс тобының құрамының 63 мүшесі бар.

Министрдің айтуынша, заң жобасы аясында негізінен журналистің мәртебесі, құқықтық қорғалуы, мемлекеттік тапсырыс және басқа тақырыптар бойынша талқылау жүріп жатыр.

— Жұмыс тобының 63 мүшесінен өзге сарапшылар да қатысып жатыр. Сарапшы болып қатысуға ешқандай шектеу жоқ,  бәрі қатыса алады. БАҚ жөніндегі заң айқын талқылану керек,-деді Омаров.

Министр сондай-ақ әлеуметтік желіні қолданушылар да ақпарат таратумен айналысып жатқанын айта келе, оларға да ерекше мәртебе беру жағын қарастыратындарын жеткізді.

— Қазір әлеуметтік желіде көптеген пабликтер журналистер сияқты ақпарат таратып жүр. Жұмыс тобындағылар оларға БАҚ коммуникациясы деген мәртебені қайтарсақ деп отыр. Екінші жағынан журналистер мамандығы жоқ ондай алаңдармен өздерін шатастырғысы келмейді және бөлек журналистік мәртебе берулерін сұрап тұр. Талқылаудан кейін бір тоқтамға келуіміз қажет,-деді ол.

А. Омаров журналистер неге баспана бағдарламасына және басқа да жеңілдіктерге ие бола алмай отырғанын айтты.

— Қазір журналистердің кейбірі мемлекттік БАҚ-та істесе, тағы бірі жеке меншікте жұмыс істеп жүр. Қазір журналист деген кім екенін нақтылап алуымыз керек. Журналистерді әлеуметтік бағдарламаға енгізсек, ертең жалған журналистер көбейіп кетеді. Редакцияға тіркеліп, жалған куәлік алып алатындар шығады. Журналистік дипломы бар адам журналист пе, әлде осы салада бес жылдан кем емес жұмыс істеген адам журналист пе? Міне қазір осы жағын нақтылап алуымыз керек,-деді министр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 14:15
Алматы тұрғыны Әл-Фараби бойындағы тұрғын үй құрылысына шағымданды
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 10:38
Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 15:56
Назарбаев елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 13:39
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия күдіктіні Қазақстанға экстрадициялауға әлі жауап берген жоқ
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 11:37
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:09
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49