02.03.2021, 10:05
3520
АҚШ стратегиялық жауларын «Алтын Ордамен» үркіте бастады.
АҚШ-та Golden Horde деген («Алтын Орда») бағдарлама сынақтан сәтті өткізілді. «Алтын Орда» дегені – бір мезетте төрт нысанаға әуеден соққы жасайтын төрт бомба екен.
АҚШ әуе күштерінің генералы Хизер Принглдің айтуынша, «Алтын Орда» бағдарламасын жүзеге асыру жолында үлкен қадам жасалды. Golden Horde – дәлдігі аса жоғары бірнеше әуе бомбаларын бір-бірімен байланыс алмасып, жау нысандарын бір мезетте бірдей жоюға арналған ақылды жүйе. Бұған дейін екі бомба біріктірілсе, енді төрт бомба «ақылдасып алып», әр жерде орналасқан төрт нысананы бір мезетте жоюды үйренді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР