AMANAT партиясы президенттікке өз кандидатын ұсынды

Сайт әкімшілігі

06.10.2022, 12:48

1067

AMANAT партиясы 20 қарашада өтетін Президент сайлауына өз кандидатын ұсынды. Бұл туралы партияның кезектен тыс XXIV съезінде белгілі болды.

Съездің ашылу салтанатында сөз сөйлеген партия Төрағасы Ерлан Қошанов елдегі саяси реформаларды айта келе, қараша айында болатын маңызды тарихи датаға тоқталып өтті.

«Бүгінгі реформалардың басты мақсаты — әділеттілік, теңдік, бірлік принциптерін орнықтыру. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсаттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы қажет.Сондықтан президентікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын», — деді Партия Төрағасы.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов патияластары мен қазақстандықтарды кандидатты қолдауға шақырды.

«Съезд делегаттары бірауыздан қолдайды деп сенемін. Алдағы 20 қараша еліміздің саяси өміріндегі тарихи оқиға болары анық. Дәл сол күні Қазақстан халқы өз таңдауын жасайды. Бұл сайлау Әділетті Қазақстан дамуының бағыт-бағдарын айқындайды. Бұл сайлауда халқымыз өз үміткеріне ел тағдырын, болашағын сеніп тапсырады. Біз үшін ең лайықты үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев», — деді Қошанов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 17:42
Тоқаев пен Макрон Елисей сарайында келіссөздер жүргізді

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43