Анамның тілі алаңдатады...

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

26.05.2022, 08:40

2796

«Жұтаған шүкірге тоймайды» дегендей, жемқорлықтан, қарыздан, қымбатшылықтан, «бір күн тоқ, отыз күш аш» жалақыдан әбден шаршаған халқымыз «жағдайымыз 2030-да керемет, 2050-де ғажап болады», деген секілді емексулерден де күдерін үзбейді. Дәл қазір референдумнан соң, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман орнайтындай, көңіліміз көкте екенін несін жасырайық. Президенттің өзі «Конституциямыздың 33 бабына тү­зе­тулер енгізіледі. Менің мақ­сатым – халқыма мейлінше, еркін­дік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын», деп бар билікті халық қолына «ұстата салуы», талайларға үміт сыйлап отыр.

Дұрыс қой, бірақ...

Шыны керек, осы отыз жылдың ішінде қойын дәптердей, қалағанымызды жазып, Ата заңымыздың жұлма-жұлмасын шығарғанымыз жасырын емес. Ендеше, бұл жолы98 баптың 33-іне өзгеріс енгізеді екенбіз, ендеше, ақыры, үштен бірін жаңартатын болсақ, «Жаңа Қазақстанға» жаңа Ата заңмен кірсек, қайтеді?! Ақыры, бүкілхалықтық референдум өткізіп, оған қазынадан 16,4 млрд теңге бөлгеннен кейін неге бас құжатты қайта жазбасқа? Қайта-қайта өзгертіп, толықтырып, әбден түте-түтесін шығарған Ата заңымызға отыз жылдан бері әліміз жетпей кел жатқан дүниелерді де қосайық.

Мәселен, тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл мәселесінің бұл өзгертуде де «ұмыт» қалғанын көріп отырмыз. Алматы қалалық сотының судьясы Советхан Сәкенұлы да: «Бұл өзгерістерде, ең басты сұрақ – Мемлекеттік тіл туралы мәселе көтерілмеген. Мемлекеттік қызметкер бола тұра, мемлекеттік тіл – қазақ тілін -  білмеу, ол тілде сөйлемеу — қазақ мемлекетінің қадір-қасиетін түсінбеу, елді сыйламау әрі қорлау, деп білемін. Қазақ тілі жойылса, қазақ ұлты да жойылатынын ұмытпайық, деген жанайқайым бар», — дейді.

Расында да, Ата заңға кіргізіп, міндеттеп қою арқылы мемлекеттік тіл мәселесін шешіп алуға болар еді ғой. Осы орайда, айта кетсек, саясаттанушы Самат Нұртаза «АҚШ-тың әртүрлі ұлттар мен ұлыстарды диірмендей, айналдырып, 2-3 буында «Таза американдық» жасап шығаруы – АҚШ мемлекеттік идеологиясының алпауыт күшін аңғартады. Сен сары бол, қара бол, ақ бол – бәрібір немерең «Вашингтонға қарап ұлиды». Сенің атаң Мао болсын, Кенесары болсын, Мандела болсын, Николай ІІ болсын – бәрібір ұрпағыңның жүрегі «Америка» деп соғады. Менің ойымша, Қазақстан да осындай тәсілмен бүгінгі 130 ұлтты 30 жылда мипалау жасай алар еді. Тек басты кедергі, ол тіл. Тізесі шыққан, айта-айта жауыр болған тақырып. Десе де, Қазақстан халқын қосатын тек тіл екеніне жылдан-жылға көзім жетіп келеді. Бір емес, 10 ассамблея жасасаң да, тіл саясатында жігерлі шешімдер жасамай, ештеңе өзгермейді. 30 жыл өтсе де, бізде қазақша сөйлемейтін депутат та мәжілісте отыр, қазақша сөйлемейтін министр де бар, қазақша сөйлемейтін елші де бар, қазақша тігісін жатқызып сөйлемейтін әкім де бар», — дейді. Расында да талай мәселеміздің шешімі тіл екеніне неге мән бермейміз?! 16,4 млрд бөліп, өзгерістер енгізіп жатқан Ата Заңымызда неге мемлекеттік тіл мәселесіне көңіл бөлінбеген? Осы сәтті пайдаланып, мемлекеттік тіл мәртебесін бір көтеріп қойсақ қой, шіркін...

Отыз жылдан бері тіл мәселесін айтып, онымен күресумен келеміз, ал негізінде тіл мәселесін бір ақ заңмен шешіп тастап, енді тек дамуға, инновацияға көңіл бөліп, ештеңеге алаңдамастан, даму жолына түсетін кезіміз жетіп еді ғой. Мемлекеттің қанша күші, қаржысы, уақыты бір мәселе тіл мәселесін езумен өтіп жатыр. Осы күнге дейін тіл мәселесіне арналған жиындардан, қабылданған бағдарламалардан, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін жұмсалған қаржыдан нәтиже жоқ екенін көріп отырмыз ғой, ендеше, Ата заңға кіргізіп, тіл мәселесін неге біржола шешіп тастамасқа?!

Тіпті, соңғы уақыттағы жағдайлар тіл мәселесі майданға айналып бара жатқанын анық көрсетіп отыр. Ендеше, шенеуніктің тіл білмесе, мемлекеттік қызметке жақындай алмайтынын, барлық салада мемлекеттік тілге ғана мән берілетінін, тілге менсінбеушілік көзқарастың жауапкершілігі барын Ата заңымызға неге енгізіп қоймасқа?! Құдай-ау, бар мәселеміз тілдік бөлінушіліктен туындап отырғанын ұғатын кез болды ғой. Барша халық қазақ тілінде сөйлесе қаңтардағыдай қырғын да болмас еді. Өйткені митингілер қазақ тілінде, ал ресми жиналыстардың орыс тілінде өтуі де ортақ тілтабысудың болмауына меңзеп тұрған жоқ па? Ендеше, Ата заңның бұл өзгерісінен тіл мәселесі неге шет қалды?!

Ең болмағанда Ата заңымыздың 7-ші бап, 2-ші тармағындағы «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген нұсқаны алып тастасақ қой шіркін...

Тегтер: тіл мемлекеттік тіл мәселе латын әліпбиі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас ШӨКЕ 08:52
Қазақтың құны: тазыдан төмен, төбеттен сорлы
Сайт әкімшілігі 01.12.2022, 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды

Аңдатпа


  • Бүгін Екібастұз. Ертең қай қала?
    09:00
  • Хрущев салған үйлерді Досаев жаңғырта ала ма?!
    08:57
  • Қазақтың құны: тазыдан төмен, төбеттен сорлы
    08:52
  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    01.12.2022, 09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    01.12.2022, 08:59