«Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз

Сайт әкімшілігі

26.10.2021, 11:14

2514

«Жас Алаш» газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Рахымжан Отарбаев Руханият қоры» жеке қоры мен «Жас Алаш» газетінің бірлескен республикалық эссе байқауын жариялаймыз. Байқауға жасы 30-дан аспаған талапты жастар қатыса алады.

Байқаудың ережесі бойынша қазақтың классик жазушысы, дарынды драматург, ұлт жанашыры Рахымжан Отарбаев пен «Жас Алаш» газеті тақырыбын қамтуы керек. Байқаудың мақсаты – эссе жанрының дамуына үлес қосу, қалам ұстаған шығармашыл тұлғаларға қолдау көрсету, ынталандыру; Рахымжан Отарбаев шығармашылығын насихаттау; газет, баспасөз саласына, соның ішінде «Жас Алаш» газетіне деген жастардың көзқарасын анықтау, қаламын ұштау.

Байқау қорытындысы Атырау қаласында өтеді. Карантин жағдайына байланысты қорытынды қашықтан өтуі мүмкін. Өзгерістер алдын ала хабарланады. Байқауға қойылатын талап бойынша 18-30 жас аралығындағы үміткерлер  қатыса алады. Байқауға келесі номинациялар (тақырыптар) бойынша жазылған эсселер қабылданады:

Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық тұлғасына арналған номинациялар:

1. «Қара сөздің қаймағын қалқыған қаламгер»;

2. «Қазақ драматургиясының дара шыңы»;

3. «Мен таныған Отарбаев».

«Жас Алаш» газеті тақырыбындағы номинациялар:

1. «Серінің сертке таққан семсеріндей «Жас Алаш»;

2. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі»;

3. «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ».

Байқауға қатысушылар 19.10.2021 күннен бастап  өз жұмыстарын ұйымдастырушылардың (rahimzhanruhaniat@mail.ru) және Жас Алаш газетінің электрондық поштасына (zhasalash100@gmail.com) жіберуі тиіс. Байқауға қатысуға өтініштер 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады. 

Байқау жеңімпаздары 6 номинация бойынша анықталады. Әр номинациядан тек бір қатысушы жеңімпаз атанады. Әр номинация жеңімпазы 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Байланыс телефондары:

+7-727-339-99-54

+7 701 558 2170

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ АҚЫЛБАЙ 15:46
Назарбаев дұрыс істеді!
Сайт әкімшілігі 13:15
Тоқаев үкіметке жаңа кадрлар даярлау жөнінде тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 11:35
Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылын қалың бу басып қалды
Еңлік АБАҒАН 09:16
Ырымшыл Бозымбаев һәм Баталовтан қалған аутсайдер облыс
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:15
Сталин өлтірді, Ақсақалов күресінге тастады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:08
30 градус аяз болады

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14