Ақтөбеде "Социализм дәуірі" атты аллея ашылады

18.05.2018, 22:20

459

Ақтөбенің шенеуніктері қаланың ең көрікті жерінен «Социализм дәуірі» деген аллея ашпақ. Ол жерге күнкөсем Лениннің, Фрцунзенің және Левон Мирзоянның ескерткіштерін қоймақшы. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.Аллеяға деп қаланың бас даңғылындағы «Нұр ғасыр» мешітінің артынан 1,12 гектар жер бөлген. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. — Тұңғыш президент саябағының кеңейту мақсатында, Сазды өзенінің жанындағы жерді бірнеше аумаққа бөлдік. Өнер орталығының артында саябақ жасамақшымыз. Тарихи аумақты «Социализм дәуірі» деп атасақ па деп жоспарладық. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асып кетті. Қандай нәрсе болса да, тарих болып қалады ғой. Идеология өзгеріп жатыр. Сол социализм кезіндегі ескерткіштердің бәрін өңдеуге жібердік. Аумақты реттеп, көгалдандырып, кейін құрылыс жұмыстары біткенде тарихи аумаққа қоямыз деген жоспарымыз бар, — дейді Ақтөбе қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Таңат ШЕГЕБАЕВ.[caption id=«attachment_11414» align=«alignnone» width=«1280»]Болашақ «Социализм дәуірі» деген аллея болатын жер[/caption]Қалалық әкімдіктің бұл әрекетін әркім әртүрлі қабылдады. Біреулер бір түнде Левон Мирзоянның ескерткішін орнынан алып тастағанына шүйліксе, екіншілері құптап жатыр. — Көше атаулары қазақшаланатын кез келді. Шыны керек, мен мысалы, осы Левон Мирзоян көшесінің байырғы тұрғынымын. Бірақ, ол кісінің тарихта аты қалатындай қандай шаруа тындырғанын білмейді екем. Біздің көшеге Бөкейханов аты берілсе, құптаймын,- дейді қала тұрғыны Серік МАХАНОВ.

Фотолар автордікі. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 17:42
Тоқаев пен Макрон Елисей сарайында келіссөздер жүргізді

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43