Ар сатылды, кен шашылды

Қазақтың қолында қалған соңғы байлығы – жері

Әділ АҚЫЛБАЙ

29.09.2020, 09:55

1504

ZonaKZ интернет газетінің YouTube-тегі арнасында «Қазақ пен Қытайдың қиын достығы» туралы арнайы сұхбат түсірілген екен. Студияның қонағы экономист және саясаткер Айдар Әлібаев ол сұхбатта былай дейді:

– Мен Үрімшіде болдым, ол жерде бір жақын танысым бар еді. Ұлты қазақ, өзі Қытайдың азаматы. Ол маған өте қызық жағдай туралы айтып еді. Оның Үрімшіде шағын бизнесі бар. Бизнесі жүріп тұруы үшін жергілікті әкімдіктегі бір-бір шенеунікпен достасып, жақын араласады екен. Бір күні жаңағы қазақ әлгі шенеунікті моншаға шақырады. Тегін демалыс пен тамақ болатынын білген шенеунік моншаға өзімен бірге Пекиннен келген тағы бір шенеунік досын ерте келіпті. Не керек, үшеуі ақыры, монша мен ішімдіктің буына әбден қызып, ашық әңгімеге көшеді. Сонда қонаққа шақырып отырған кісінің ұлты қазақ екенін білген пекиндік қытай қатты таңданған екен. Сөйтсе, ол Қазақстандағы жағдайды жақсы білетін, көзі ашық адам болып шығады.

Былай депті қазаққа: – Сендердің шағын халыққа әлемдегі ешбір елдің түсіне кірмейтіндей, асты мен үсті байлыққа толы зор территорияға ие болып қалу бақыты бұйырған. Сондай керемет жерде отырған шағын халықтың қолынан түк келмейтініне, шарасыздығына таңым бар. Сондай жерде тұрып, кәдімгідей, лайықты тәуір тіршілік ұйымдастыра алмай отырсыңдар. Шын тәуелсіз, толыққанды, экономикалық қуатты мемлекет құра алмай отырсыңдар. Кеңес одағы ыдырағалы бері, біз Қазақстанға мұқият қарап отырмыз, өздеріңнен өздерің ұрлап, өздеріңді өздерің тонап келесіңдер соңғы 30 жыл бойы. Қасқыр екеш қасқыр да, тіпті жануарлар әлеміндегі ең жабайы жыртқыштар да өз ұрпағының несібесін ұрламайды. Қазақ ұрлау жағынан жер бетінде бәрінен асып түсті. Өзінің болашақ ұрпағын тонап жатыр. Жаппай жемқорлық орнаттыңдар. Сендерді шыны керек, мұндай жерге иелік ету құқығынан айыру керек, сендерді сырттан басқару керек екен. Әйтпесе, бұл деген бұрын-соңды болмаған әділетсіздік қой, оның ұзаққа созылуы мүмкін емес. Сендерде не болып жатқанын біз жақсы біліп отырмыз. Біз әдейі сендерге үлкен несиелер беріп жатырмыз, ал сендердің, ұры шенеуніктерің ол ақшаны жерге тигізбей, жұтып жатыр. Ертең оны қалай қайтаратынын олар ойламайды. Несие ретінде алынған ақшаны қайтару үшін сендердің елдерің бүгін ештеңе істеп отырған жоқ. Қарызға батып жатырсыңдар белшеден. Ол ақшаның сұрауы болады ертең. Жемқор шенеуніктеріңді пайдаланып, Қытай билігі бесінші-алтыншы тұлғаларды араға салу арқылы Қазақстанда бәрін сатып алып жатыр. Жер, кеніштер, кәсіпорындар – бәрін сатып алып жатырмыз, өйткені олар бәрін сата береді, түрлі әділетсіз жолмен, халыққа қарсы схемалар арқылы. Мен таңғаламын, «Қазақстанда заң жоқ па, тәртіпті бақылайтын полиция жоқ па» деген ойға қаламын! Қазақтардың қай құрдымға кетіп бара жатқанын бажайлайтын ақыл-есі де жоқ па деймін. Осыған ұқсас жағдай Орталық Азия елдерінің бәрінде, тіпті Ресейде де болып жатыр. Олар түсінбейді, Қытай бәрін уақытша жалға алып жатыр деп ойлайды. Қытайдың Қызыл Айдаһарында алған нәрсені қайтару деген дәстүр жоқ екенін түсінбейсіңдер, – депті.

Осы әңгімені маған Үрімшідегі досым айтқанда, жағамды ұстадым. Рас қой. Ертең Қытай бар қарызын толық көлемде табан астында қайтарып бер десе, біз не істейміз? Қазақстан армиясының қауқарсыз екенін де Қытай біліп отыр, оның бар шамасы өз халқын айдау мен қамауға ғана әрең жететінін. Пекиннен келген жас қытайдың пайымдауы осындай десек, ендеше толысқан, билігі мен беделі бар, экономикалық саяси шешімдер қабылдауға ықпалы бар қытайдың ел ағаларының ойындағысын кім білген?! Бұл оқиға осыдан 7-8 жыл бұрын болған, бірақ жас шенеуніктің қазақтар туралы сол айтқаны осы күнге дейін шындығын, өзектілігін еш жоғалтпады.

Қытайда Қазақстанды зерттейтін ірі институттар бар. Қазақстандағы әрбір министрлік пен әкімдіктің әр аңысын аңдып отыр олар. Қазақстанның обалы өзіне, тәуелсіз мемлекет деп атану құқығынан біз әлдеқашан айырылып қалғанбыз. Кеніштеріміздің көпшілігі қазір біздікі емес, жер үстіндегі талай дүниенің де кімнің қолына кеткенін ешкім білмейді. Қалғаны құр жердің өзі еді. Оның өзін сату туралы жан-жақтан қысым жасалуда. Қазақ жерінен айырылса, анық құриды. Жерді жалға беру деген әңгіме, субарендаға беру деген мүлдем болмауы керек. Біздің латифундистер ұрлаған немесе заңсыз иеленген мыңдаған гектар жерлерін енді қалай ақшаға айналдырарын білмей отыр. Жер – қазақтың қолында қалған соңғы активі, соңғы мүлкі, ашығын айтқанда. Сондықтан енді өте сақ болуымыз керек. Соңғы 29 жылда біздің билік кіммен қандай келісімдер жасасқанын біз мүлдем білмейміз.    

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.10.2020, 17:49
Байбек өрттен зардап шеккен шымкенттіктерді қоныс тойларымен құттықтады
Сайт әкімшілігі 20.10.2020, 12:54
Байбек мақтааралдықтарға Елбасы Қоры салған үйлердің кілтін табыс етті
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 20.10.2020, 10:09
Имидж қалыпастыруға кеткен ақшаны әлеуметтік саланы дамытуға жұмсаса ғой ...
Батыр ЖАСҰЛАН 20.10.2020, 09:43
Қылмыстық топ Қырғызстанды басқара ала ма?
Амангелді СЕЙІТХАН 20.10.2020, 09:40
БҰҰ назар аударар еді
Думан РАМАЗАН 20.10.2020, 09:32
Ел боламыз десек...

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38