Арон Атабек қайтыс болды

Сайт әкімшілігі

24.11.2021, 22:24

1499

2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан диссидент ақын Арон Атабаек 24 қараша кешкісін 68 жасында қайтыс болды,-деп хабарлайды «Жас Алаш». Бұл ақпаратты БАҚ өкілдеріне Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева айтқан. 

— Ауруханада жүрегі тоқтап қалды, — деген ол Азаттық тілшісіне. 

1 қазанда Павлодардың №2 соты Арон Атабекті (Едігеев) сырқатына байланысты жаза мерзімін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, түрмеден босатқан еді. 15 жылын түрмеде өткізген ақын бостандыққан шыққан соң Алматыға оралған.

Бостандыққа шыққаннан соң Арон Атабектің халі нашарлап, Алматыдағы ауруханаға коронавирус диагнозымен жеткізілген еді. Кейін оның өкпесі қабынғаны да хабарланған.

Атабек бір айдан бері ауруханада жатқан еді. 11 қарашада қарындасы Рәзия Нұтышева Арон Атабектің реанимация бөлімінде комада жатқанын, жағдайы нашар екенін айтқан.

"Қаншама ақуыз құйып жатыр, бірақ сіңбейді. Салмақ қоспай жатыр. Әлі трубка арқылы тамақ ішеді. Тамақ тамыр арқылы құйылады. Әбден өлейін деп қалған кезде [түрмеден] босатып отыр ғой. Коронавирусы азайған дейді, бірақ өкпесін түсіру үшін басқа жаққа ауыстыру керек екен, себебі клиникада ондай құрылғы жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. Оны алып тастаса, бірден тынысы тарыла бастайды. Қан қысымы төмендеп кетеді" деген еді сол кезде қарындасы.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:48
AMANAT партиясы президенттікке өз кандидатын ұсынды
Сайт әкімшілігі 10:12
"Ұлы Дала Жорығы": Маңғыстаулық шабандоздар жеңімпаз атанды
Сайт әкімшілігі 05.10.2022, 15:02
Мария Захарованың шулы мәлімдемесіне еліміздің Сыртқы істер министрлігі жауап берді
Айнұр АБАЕВА 05.10.2022, 10:33
СҚО билігі халықты қашанғы алдайды?
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.10.2022, 09:28
Ресей – өтірікшілер елі. Қазақстанға не жорық?
Сайт әкімшілігі 04.10.2022, 11:03
Сот Алматының ірі базарын мемлекетке қайтарды

Аңдатпа


  • Jusan-ды жусататын күн туа ма?
    06:13
  • «Назарбаевсыздандырумен» қашанғы алысамыз?
    06:12
  • Ұлттық идеологияда неге ұтылып жүрміз?
    06:11
  • «ҚОРАҒА» кірдік. Берешекке құмар үкіметте бедел қалды ма?!
    05.10.2022, 09:29
  • Ресей – өтірікшілер елі. Қазақстанға не жорық?
    05.10.2022, 09:28