«АрселорМиттал Теміртау» ақталуға неге құштар?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

21.06.2022, 17:00

1444

Кеше  БАҚ -тан аймақтағы алпауыт  «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы бөлімшелеріндегі екі лауазымды тұлғаның қамауға алынғаны жайлы жаңалық жарқ ете қалды. Бүгін суыт хабар суымай жатып, компанияның бас директоры Биджу Наир, облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин журналистерді жинап, баспасөз конференциясын өткізді.

Жиынның бас спикері болған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының  бас директоры  ұста-пресс цехы бұрыннан жөндеуге жабылғанын, ондағы қалыпқа келтіру міндетінің тең жартысы төтенше жағдай болмай тұрғанда аяқталғанын алға тартты. Ол: «Соңғы оқиғанының себебі мен салдарын  қауіпсіздік шараларын тексерумен айналысып жатқан арнайы комиссия айтады. Кеше тергеушілер  ауыр жарақат алған жұмысшыдан куәгер ретінде анықтама алды. Комиссияның шешімі жақын уақытта шығарылады»-деді.  Өндіріс өкілдері одан әрі тілшілерге  комбинат пен шахталардағы қауіпсіздік шаралардың алдын алу және материалдық- техникалық базасын нығайтуға бөлінген инвестиция көлемі жайлы есептік мәліметтерді баяндап, айналдырған жарты сағаттық эфир уақытын тәтті қиялға бөгіп өтті. Акционерлік қоғамның осы мақсатқа жоспарлаған қаражаты мыңға арман болған миллиондаған долларды құрайды. Алайда, бағышталған қыруар қаржының кеншілер мен метталургтерге қайыр болмай тұр.  Осы уақытқа дейін қыр басына қара алтын мен шойын қорытқан  қаншама болатшы бақилық болды.  Қаралы хабар әкелетін қасіреттен қашан құтыламыз? Суыт оқиға орын алған сайын азулы компанияның қожайындары :«Бұдан былай қауіпсіздікке жол бермейміз!» деп жалған серт беріп, жұртты мезі етіп келеді. Өкінішке қарай, елді діңкелеткен мәселені  түсіндіруге келгенде жауаптылар жауырға жаба тоқып, сан сылтау айтады.  Бүгінгі  журналистер тарапынан қойылған: «Бұдан бұрынғы жұмысшылар өмірін жалмаған жарылыстардан кейін қанша және қандай лауазымды тұлғалар қылмыстық  жазаға тартылды?» деген сауал беті ашық күйінде қалды. Бұл сұраққа Биджу Наир мен Вадим Басин: «Кез-келген жаза  комисссияның шешіміне қарай жарияланады, біз өз тарапымыздан кінәлі  жетекшілердің лауазымын төмендетеміз» деп маңдытарлық жауап айтпады. Осылайша, журналистер қанағат алмай тарқасты.

 Иә, ақталуға әркім құштар. Алайда, біздің «елжанды көңілді» бір нәрсе алаңдатады. Өндірістегі жұмыс кезінде көз жұмған сандаған металлургтер мен кеншілердің әрқайсы бір-бір отбасының ғана емес, бүтін бір мемлекеттің қымбатты қазынасы еді. Қажырлы жандардың ойсыраған орынын қалай толтырамыз?

Айта кетейік, «АрселлорМиттал Теміртау» комбинатындағы соңғы өндіріс апаты маусымның 10 күні болды. Салдарынан төрт жұмысшы көз жұмып, біреуі ауыр жарақат алды.

Тегтер: төтенше жағдайқауіпсіздік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:40
Алматыда БАҚ жөніндегі заңды қайта қарау барысында журналистердің мәртебесі талқыланды
Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:35
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Есбол ҮСЕНҰЛЫ 24.06.2022, 14:10
Елбасыдан – ақсақалдыққа
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.06.2022, 09:10
Тоқаев тарапына ақпараттық соғыс басталғандай...
Әділ КЕМЕҢГЕР 24.06.2022, 09:05
Қазақтар қайда қарап келген?
Секен ЕЛШІБЕК 23.06.2022, 15:20
Біраз «жаңалық»

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33