Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Сайт әкімшілігі

24.01.2023, 10:26

1052

Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары қамауға алынды, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Республика Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына және бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша басқа да тұлғаларға қатысты тергеудің мән-жайын айтты.

«Жүргізіліп жатқан тергеу аясында „ҚР Ұлттық музейі“ РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды, ол А.Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, „әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі“ халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырған», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Ресми мәліметтер бойынша, Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен Алмаз Нұразхан екі ай мерзімге қамауға алынды.

«Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 17 қаңтарда Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі тағы бір айға ұзарған болатын. Ол 2022 жылғы наурыздан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр.

Тегтер: сот күдік қылмыс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:22
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Әділ АҚЫЛБАЙ 07:17
Ресей Путиннен қашан құтылады?
Сайт әкімшілігі 02.02.2023, 16:00
ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
Сайт әкімшілігі 02.02.2023, 10:35
Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 07:12
Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 17:45
Әсет Матаев парламент сайлауына қатысады: "Біздің буын көптеген мәселелерді шеше алады"

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16