Ашық хат

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға!

Сайт әкімшілігі

15.10.2020, 10:44

1956

БізАқтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындары, Ата заңымызға сай заңдылықпен әділеттіліктің кепілі тұрғысында Сізге, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлыаудан орталығы – Қарауылкелді селосында Тәйтәй атты батырға мемлекеттік қаржыға ескерткіш орнату туралы жергілікті биліктің заңсыз шешімі тұрғысында үшінші рет жүгінуге мәжбүр болып  отырмыз.

Оған себеп, алдыңғы өтініштер Сіздің назарыңызға жеткізілмей, облыстың құзырлы органдарының бұрмалауына түсіп, бұрын құпия түрде, мүдделі топтың ықпалымен қабылданған заңсыз шешімдерін заңдандыру бағытында түрлі әрекеттер жасалуда.

Атап айтқанда, алдыңғы өтініштерге берген жауабында облыс басшысы «бұл құрылыс демеушілердің қаражатына салынып жатыр» деп мәлімдесе, аудан әкімі бұқаралық ақпарат өкілдеріне берген сұұбатында, «бөлінген 43 миллионнан астам бюджеттік қаражаттың бір тиыны да жұмсалған жоқ» деп ақталды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы аталған құрылыс жөнінде бейхабармын деп жауаптан бұлтарса, облыстық ішкі аудит департаментінің басшысы «аудит жүргізуге негіз жоқ» деген тұжырыммен қараусыз қалдырды.

Алайда халыққа мәлім болған құжаттамалық деректерден жоғарыдағы мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерінің қарама-қайшы жауаптары, жұмсарта айтқанда, шындықтан алшақ екенін көрсетеді. Мысалыға, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Н.Жұбанышевтың облыс әкімінің орынбасары Р.Хамбаровтың хатына сәйкес, 02.09.2020 ж. жолдаған № 01-487 санды жауабында, «Қазіргі таңда аталған жобаға облыстық бюджеттен 43 135 000 теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы негізінде «Актюбспецстроймонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалды» деп мәлімденген. Демек, бұл мемлекеттік қаражат заңды жолмен жеке мердігер компанияның меншігіне тиесілі деген сөз.

Облыс басшысының жауабына сенгіміз келіп, тиесілі орындардан бұл құрылысқа арналған бюджеттен тыс қор құрылғандығы жөніндегі ізденісімізден ешбір нәтиже шығара алмадық. 

Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің Қазақстан халқына Жолдауыңыздағы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. «Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшеуту қажет. Себебі, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді» деген сөзіңіз дәл Байғанин ауданындағы осындай жөнсіздіктерден туындаған тұжырым болса керек. Бірақ жергілікті билік осы кезге дейін Жолдауға да, халық үніне де құлақ асып жатқан  жоқ.

Қаржылық мүмкіндік болған жағдайда, ағымдағы әлеуметтік қажеттіліктерді былай қойғанда, 175 жылдығына орай, таусылмас мұрасы дүниежүзілік деңгейде тойланып жатырған – Ұлы Абайға облыс орталығында, сексен жылдан бері ауданның атын шығарып келген халық ақыны, кезінде халқымызды бүкіл одаққа танытуға, елдігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан, туғанына 160 жыл толатын – Нұрпейіс Байғанин атаға аудан орталығында лайықты ескерткіштер орнатуға жұмсалса халық қуанар еді, ұрпағымызды рухани азықтандыруға қосқан қомақты шара болар еді.

Тәуелсіздіктің бір жетістігі – өткенімізді түгендеп, әркім өз тегін дәріптеп, белгі қоюға, тағзым етуге құқылы, ол ұлттық болмысымызға тән құптарлық құбылыс. Бұл тұрғыда, бұрынғы облыс әкімі Мұханбетов Архимедтің Жарқамыс ауылының түбіндегі қорымға атасы  Мұханбет Көшелекұлына арнап, Тәйтәй батыр ұрпағы деп жазғызып, тас белгі қойғанын кезінде тұрғындар түсіністікпен қабылдады. Бірақ бұл аталықтың мемлекеттік тұрғыда жүргізілген қазба жұмыстары арқылы жерленген жері де, мұрахаттар да сақталған деректерде әзірге табылған жоқ. Ал бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің өз тегін ұлықтауға мемлекеттік деңгейдегі бағдарламаларды пайдаланып, мемлекеттік қаржы бөлінуіне ықпал етуі тарихы терең, мәңгүрттіктен ада, түлектері бүкіл қазақстанға, көптеген алыс елдерге танымал аудан тұрғындарының намысын, азаматтық ұстанымын аяқасты етіп отыр.  

  Ең бастысы, Тәйтәй батырдың есімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №19-32-20.357-5 санды тапсырмасына сай, Мәдениет және спорт министрлігінде бекітілген жалпыұлттық деңгейде танылған «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілмеген, тиесілі ғылыми кеңестерде қаралып, бекітілмеген.  Яғни, бюджеттен тыс қаражаттарменде ұлықтауға тиым салынған. Облыс билігі бұл заңнамалық талаптарды сақтамай жергілікті мүдделердің аясында өрескел заңсыздықтарға жол беріп отыр.

Облыс әкімінің жауабында сілтеме жасалған, тарихшы Зәкірәддин Байдосовтың бұрын жарияланған мақаласында келтірілген шығармашылық деректер жөнінде, аудан әкімшілігі ұымдастырған кездесуде Жарқамыс ауылдық округына қарасты Қаражар елді мекенінің тұрғыны Жақанов Бисен ақсақал, «кезінде Байдосовтың шақыруымен барып, сұрауы бойынша бала кезімде үлкендерден Тәйтәй батыр туралы естіген әңгімелерімді айтып бергенмін, кейіннен бұл әңгімені оның тарихи мақаласына арқау еткенін оқыдым. Бірақ, ескерткіш жөнінде ұсыныс жасалғандығы жөнінде бұрын естіген емеспін» деп ақталды. Бұл пікірді басқада ауыл ақсақалдары бөлісті. Аудандық ассақалдар және қоғамдық Кеңесінің бірнеше мүшелеріде бұл сұрақтың ресми түрде кеңес отырысында қаралып, талқыланбағанын мәлімдейді. Демек, аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы саналатын Ермекбаев Ибрагимнің барлық жерде тіліне тиек етіп жүрген, Қаражар, Жарқамыс ауылының ақсақалдар алқасының ұсыныстары, хаттамалары негізінде деген дәлелдемелері жалған, тапсырыспен жасақталған құжаттар болып саналады. Оған қоса, кейбір ақпарақ көздерінен осы ескерткішті орнату үшін Қарауылкелді ауылы жанынан бөлінген жер телімі Ермекбаев Ибрагимнің құзырында екені байқалуды. Бұл жайттарды заңды түрде тексеріп, зерделеп жатқан құзырлы мемлекеттік органдар облыстан табылмай отыр. Бұл заңсыздық, дәлірек айтқанда, бейбастық ел бірлігіне, әлеуметік тұрақтылыққа кері әсерін тигізері сөзсіз, алғашқы нышандарыда сезілуде. Соған байланысты Сізге қайтадан хат жолдауға үлкен үмітпен мәжбүр болып отырмыз.

        Құрметпен және заң үстемділігіне бағытталған нақты шара алынады деген үмітпен ауданның бір топ тұрғындары (тізімі қоса тіркелді).  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:51
Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады
Алмабек ЕРБОЛАТҰЛЫ 29.10.2020, 11:11
АЭС салу: пайда ма, әлде зиян ба?
Сайт әкімшілігі 29.10.2020, 11:08
Лукашенкоға шегінетін жер қалмады
Нұрбол СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 29.10.2020, 10:29
Сот әділ болсын десек
Әділ КЕМЕҢГЕР 29.10.2020, 09:06
Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 10:32
Мәжіліс депутаттарына тікелей хат жазуға болатын арнайы сайт ашылды

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04