Атырау шенеуніктері қызметінен «өз еркімен» кетіп жатыр

16.01.2019, 20:08

490

Атырау облысында жыл басындағы ауыс-түйістер басталып кеткені байқалады. Осыдан екі жыл бұрын, 2017 жылдың қаңтарында тағайындалған облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВА қызметінен кетті. Ресми мәлімет бойынша – «өз еркімен» кеткен. Бейресми көздер Нұрсәуле Сайлауқызының соңғы кездері өзіне қарасты салаларда орын алған жемқорлық деректерінен кейін орнын босатқанын айтуда. Айта кетейік, өткен жылдың соңында Атырауда облыстық білім беру басқармасының басшысы мен орынбасары «пара алды» деген күдікпен ұсталған еді. Қалай болғанда да, арнайы шақыртылған активте өңір басшысы Нұрлан НОҒАЕВ бұрынғы орынбасары жайлы «бұл лауазымда жақсы жұмыс істеді» деген лебіз білдірді.Сонымен қатар, Индер ауданының әкімі де өз еркімен жұмысынан кетіп, орнына бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мейірім ҚАЛАУИ келді. Отыз үш жастағы Мейірім Қалауи – жас та болса бас болып келе жатқан кадрлардың қатарында. Келесі кезекте – әзірге әкімі тағайындалмаған Құрманғазы ауданы тұр.Фото: juresovet.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:57
Қазақстанда ауа райы бойынша 53 жыл бұрынғы рекорд жаңарды
Сайт әкімшілігі 14:25
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды
Жарас ШӨКЕ 07.06.2023, 15:40
«Үңгірдегі» Абаев Қақпан қапты
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 13:50
Тоқаев: Асыл құндылықтарымызды аяқасты етуге жол бермейміз
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 10:33
Смайылов қазақстандықтардың шағымына үн қатты
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 15:22
"Әртүрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз". Депутат елдегі жалақы туралы айтты

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00