Атырауда Назарбаев көшесі пайда болды

20.03.2019, 23:10

139

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жаңа президент ТОҚАЕВТЫҢ тапсырмасын жұрттың алды болып «тастай» қылды. Парламентте ел Астанасының атауы өзгеріп жатқанда атыраулықтар да қарап жатпапты. Тіпті, ел-жұрттың талқысына салып жатпай-ақ бірден шешім қабылдайтын шенеуніктер жаңа президентке тезірек ұнап қалуға тырысып жатқан сияқты. Соған қарағанда, түске дейін айтқан сөзі түстен кейін орындалып жатқан Тоқаев та осал президент болмайтын секілді.Атырауда «Азаттық» атауы айдалада қалды. Бүгін өткен XXXVI қалалық сессияда Сәтпаев даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы мәселе қаралды. Депутаттар бұл ұсынысты қызу қолдап, бір ауыздан ұйымшылдықпен дауыс берді. Қазақтың ұлы ғалымының есімі енді Азаттық көшесіне берілмек. Ал тәуелсіздіктің құрметіне Азаттық деп аталған көшенің мұнайлы астанада енді болар-болмасы белгісіз.Айта кетейік, еліміздегі қалалардың ішінен облыс орталықтарындағы бас көше атауын өзгерту туралы мәлімдемені дереу қолдап, едел-жедел шешім қабылдағандар Атырау мен Шымкент екен. Шымкенттің қалалық мәслихаты өз кезегінде Астана даңғылын Назарбаев деп ауыстыру жөнінде шешім қабылдап үлгерген. Дегенмен, соңғы сөз республикалық ономастикалық комиссияның құзырында.  Естеріңізге сала кетсек, бүгін президент ретінде ант қабылдау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталықтарындағы орталық көшелерді түгелдей Назарбаев атымен атау туралы ұсыныс айтқан.Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 09:18
Тілі 7-бапқа байланған ел
Әділ КЕМЕҢГЕР 12.05.2021, 07:41
Билік транзиті болмады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 12.05.2021, 07:03
Ким қазақты қайтсін...
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 15:28
Өзін «ақпын» деп ресми тілде ақталған Жоламанова қазақ тілін менсінбей ме?!
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 11:39
Мұхтар Түменбай: Бұл әзілдейтін нәрсе емес!
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 10:08
Риддердегі өрт: полиция тергеу бастады

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06