Әу, Ақсақалов, ақша қайда?

СҚО әкіміне бірқатар сұрақ туындады

Әділ АҚЫЛБАЙ

13.10.2020, 09:31

748

Қазақстандағы жемқорлықты журналистік зерттейтін қор-бюро Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловқа арнайы сауал жолдады. Мәселенің мәні – әкімдік жөн-жосықсыз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға (ӘКК) 1 млрд теңгені сыйға бере салған сыңайлы.

Сонымен, жағдай былай: 2019 жылдың 27 наурызында СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың №65 қаулысы шығады. Оған сай, «СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ жарғылық капиталды арттыруға облыс бюджетінен көзделген 1,07 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты аудару арқылы «Солтүстік» ӘКК АҚ-ның орналастырылмаған акцияларын төлеуі тиіс болған. Ол ақшаға «КазТехМаш машина құрастыру зауыты» ЖШС мүлік кешенін сатып алу жоспарланған болатын.

Алайда 2019 жылдың аудиттік есебінде бұл сауда-саттық туралы ешқандай дерек жоқ.

Бірақ 2020 жылдың 10 маусымындағы №606 бұйрық негізінде «СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының» 1,07 миллиард теңге сомасында сыйға тарту туралы келісімшарт жасасқаны туралы ескерту бар.

Қолда бар қаржылық есепке сәйкес, жаңағы 1,07 миллиард теңге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға 2020 жылдың 18 маусымында аударылған. Осыған байланысты жемқорлықты зерттейтін қор-бюро СҚО әкіміне бірқатар сауал туындап отырғанын жеткізеді:

1. Әкімдік тарапынан ӘКК-ның қосымша акцияларын сатып алуға арналған қаражат қашан аударылды?

2.ӘКК тарапынан акция шығару жүзеге асырылды ма? Егер шығарылса, қандай сомаға және бір акцияның номиналды бағасы қанша теңгені құрады? Акцияларды сатып алу шарттары қандай болды?

3. Бұл қаражат тағайындалған мақсаты бойынша – мүлік кешенін сатып алуға немесе басқа да мақсаттарға бағытталды ма? Егер басқа мақсатта жұмсалса, онда сонша уақыт бойы ол қаражат қайда және не себепті сақталып тұрған?

4. Әкімдік тура осындай сомадағы қаражатты не үшін ӘКК-ге сыйға тартты? Бұл қосымша қаржыландыру ма, әлде басқа себеп болды ма? Сыйға тарту келісімшартын жасасудың себебі неде?

5. Әкімдік тарапынан аталған қаражат қандай мақсаттарға бөлінген болатын?

6. Ол ақша қазір қайда? ӘКК одан пайыздық немесе өзге де табыс алды ма, алып отыр ма? Табыс алса, оның сомасы мен ол табыстың көзі не?

Сауал жолданды, қор-бюро енді олар СҚО әкімдігінің жауабын күтіп отыр.

Бұл орайда, шынымен де, елімізде құрылған бірнеше әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңір әкімдерінің майшелпегіне айналып отыр ма деген сауал туындайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 10:30
Жемқорлық: 9 саяси қызметкер отставкаға кетіп, 33 басшы жауапкершілікке тартылды
Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 10:25
"Борат" фильміне қатысты АҚШ-тың Бас консулы алматылықтарға жауап берді
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 10:09
Алда - сайлау! Қамдана беріңіз!
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 09:30
Путин Таулы Қарабақтағы қақтығысқа қатысты пікірін айтты
Әділ АҚЫЛБАЙ 22.10.2020, 10:38
Жириновскийді түсінде шошытқан Жаңа Түрік империясы елес емес
Сайт әкімшілігі 22.10.2020, 09:33
Не тілі, не жері жоқ қазақ қайтіп күн көрер?

Аңдатпа


  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16