"Ауыл - Ел бесігі " ауылға пайда әкелді ме?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

19.10.2021, 17:14

581

Ел үшін құт берекенің ортасы саналатын  ауылды ұмытпай, оның аяққа тұрып кетуіне үлес қосу бүгінгі таңда маңызды қадам болмақ. Өйткені ауыл дамыса қараша халықтың әл — ауқаты көтерілері сөзсіз. Бүгінде елде тұралап қалған ауылдар мен елді мекендерді көтеретін түрлі мемлекеттік жобалар жүзеге асырылуда. Ауыл жолдарын жөндеу, әлеуметтік тұрғыда маңызды нысандар мектептер мен клубтарды жаңарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту жұмыстары «Ауыл — Ел бесігі „жобасын ың  нәтижесі болып отыр. Қарағанды облысында соңғы екі жыл ішінде аталмыш бағдарлама бойынша 73 жоба іске асырылды. 2021 жылы тағы 60 жоба қолға алынады. “ Ауыл — Ел бесігі » жобасы  аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайы облыс әкімдігінде онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте талқыланды. " Облыста 2019 — 2020 жылдары 16 ауылдық елді мекенде 73 жоба іске асырылды. Әлеуметтік нысандар, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, мәдениет үйлері мен спорт кешендері, сонымен қатар кент ішіндегі жолдар, су және электрмен жабдықтау желілері жөнделді",- деп мәлімдеді Экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов. Мемлекеттік жобаға сай жұмыстар Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандарында жүргізілген.Биыл 33 ауылдық елді мекендерде 60 жоба іске асырылуда.Ботақара кентінде 320 орындық дене шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатыр. Ал Ақтоғайда мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Шахтерский ауылында хоккей корты салынатын болады. Ақтайлақ ауылындағы медпунктпен  Топар кентіндегі аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. «Ауыл — Ел бесігі » — 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан маңызды бағдарламалардың бірі. Оның көмегімен ауылдардың инфрақұрылымын дамыту белсенді жүріп жатыр. Мысалы,  Осакаровка кентінде көшелер жүз пайыз асфальтталып жарықтандырылды. Мектептер, медициналық мекемелер жөнделді. Егіндібұлақта ДСК салынуда, мектеп пен мәдениет үйін жөндеуге, көшелерді асфальттауға қаражат бөлінді ", — деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. Аймақ басшысы келесі жылы арнайы жобаны іске асырудың жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар облыс әкімі Жеңіс Қасымбек барлық жобалардың уақытылы тапсырылуын және жұмыс сапасын бақылау бойынша тапсырмалар берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ АҚЫЛБАЙ 15:46
Назарбаев дұрыс істеді!
Сайт әкімшілігі 13:15
Тоқаев үкіметке жаңа кадрлар даярлау жөнінде тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 11:35
Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылын қалың бу басып қалды
Еңлік АБАҒАН 09:16
Ырымшыл Бозымбаев һәм Баталовтан қалған аутсайдер облыс
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:15
Сталин өлтірді, Ақсақалов күресінге тастады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:08
30 градус аяз болады

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14