Ауылдан ақша аяп отырған кім?

Әділ АҚЫЛБАЙ

08.10.2021, 16:10

968

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Қазақстан халқының 41 пайызы немесе 7 миллионы ауылда тұрады. Биыл өзі ауыл үшін өте қиын болды: құрғақшылық, жаппай мал шығыны, мал азығының жетіспеушілігі сияқты әлеуметтік ахуал нашарлады. Ауыл мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі болуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл салада да былық жетіп-артылады.

– «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жоспарлау кезінде 2021 жылы 480 ауылды модернизациялауға 135 млрд теңге бөлініп, 1140 жобаны іске асыру көзделген болатын. Алайда 135 млрд теңгенің тек 106-сы ғана бөлінді. Бұл көзделген қаражаттың 78%-ын құрайды. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі әкімдік тарапынан жобалау-сметалық құжаттаманың және өңірлерден өтінімдердің болмауымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда орындалмаған міндеттемелерді 2022 жылы аяқтауға да болар еді. Бірақ 2022 жылға арналған бюджет жобасында қаралған жоспарлы сома 570 ауыл үшін 130 млрд орнына тек 62 млрд теңге ғана қаржы көзделуде, бұл жоспарланғаннан екі есе аз. Мұндай ресурстармен 2021 жылғы тапшылықты өтеу түгілі, тіпті 2022 жылдың міндеттерін жартылай орындау да мүмкін болмайды. Ал 2023 және 2024 жылдарға арналған жоспарланған көрсеткіштерді айтпағанның өзінде, тіпті оған шамалас цифрлар да қарастырылмаған.

Қаржы министрлігінің пікірінше, мұның себебі: тағы да құжаттардың берілмеуі немесе сапасының төмендігінен болған. Тек 2022 жылға 500-ден астам жоба заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған. Ал 2023-24 жылдарға Ұлттық экономика министрлігі өтінімді өңірлерге жіктемей, жалпы сомамен берді. Алайда Ұлттық экономика министрлігінің тұжырымы бойынша сапалы жобалардың тізбесі бар. Мәселені өңірлерге берілген лимиттерге қатыстылығымен түсіндіреді. Бұл ретте аталған министрліктердің ұстанымы тек бір мәселеде тоғысады. Олар жобаларды әзірлеу мен жоспарлау бойынша өңірлердің орындаушылық тәртібінің төмендігіне сілтеме жасап отыр.

Бұл жағдайда кімнің кінәлі екенін анықтау өте күрделі. Бірақ бұл ведомствоаралық келіспеушіліктердің нәтижесі біздің ауылдық аймақтардың әл-ауқатына кері әсер етеді. Нәтижесінде: ауылдағы үйлерге су кірмей, мектеп жөнделмей, жалғыз жол салынбай қалады,» – дейді Мәжіліс депутаты Нұрлыбек Ожаев.

Тегтер: ауыл шаруашылығы егістік пестицидтер қор қойма мал шаруашылығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас ҚЫЛЫШ 10:20
«16 желтоқсан күні не құттықтай алмайсың, не көңіл айта алмайсың»
Алмас НҮСІП 08:56
Нығматулин Тоғжановқа тағы тиісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 20.10.2021, 16:20
6 млрд доллар қайда?
Мариям МАҚСАТ 20.10.2021, 11:10
Арзан картоп арман болып қалар ма екен?
Ақылбек КҮРІШБАЕВ 20.10.2021, 09:11
Халық кедей, квота аз – бала қайтіп оқиды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 17:14
"Ауыл - Ел бесігі " ауылға пайда әкелді ме?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31