Аюпов тұтылды, ал Әбдірахымов... Құттықтайды!

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

23.05.2023, 09:08

1807

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кентау қаласының бұрынғы әкімі, оның алдындаШымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, Түркістан қаласының әкімі, Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған Рашид Аюповқа қатысты тергеу амалдарының аяқталып, істің прокуратураға берілгенін хабарлады. Яғни прокурорлар экс-әкімнің ісін електен өткізген соң, сотқа тапсырады деген сөз. Антикор былтыр маусымнан бері елді шулатып жатқан оқиғаға қатысты алғаш рет түсінік берді.       

— 2013 жылы ол (Аюпов – Б.Ә.) премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жекеменшік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірді. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берді. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады. Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ресми мәліметте.

Бұған дейін ақпарат құралдарында 2022 жылы Forbes Kazakhstan басылымының тұжырымы бойынша елдегі ең бақуатты деген елу бизнесменнің тізіміне енген Сайдулла Қожабаевтың құзырлы органдарға арызданғаны айтылған болатын. 2013 жылы бизнесменге премьер-министрдің кеңсесінде жұмыс істейтін Рашид Аюповтың сол кездегі Президент әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Ғабидолла Әбдірахымовтың атынан келіп, ірі көлемде ақша сұрағаны, ақыр аяғында Қожабаевтың қарамағындағы қызметкерлермен ақылдаса келе оларға 3,5 миллион доллар бергені жария етілді.  

Осы жағдайдан кейін былтыр тамызда Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі лауазымынан кетті. Халыққа арнаған қоштасу бейнеүндеуінде ол өзінің қызметтен босауына қылмыстық істің қатысы жоқтығын мәлімдеп, жұртшылықты негізсіз әңгімелерге сенбеуге шақырды, барлық мәселенің облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен келісілгенін, өзінің оқуға кетіп бара жатқанын айтқан еді. Р.Аюпов елді алдаған болып шықты. Оның былтыр қазан айынан бері Астанадағы тергеу абақтысында отырғанын жуырда Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мәлімдеді. Аюпов Шымкентте, Түркістанда, Кентауда жұмыс істеген кезінде өзін іскер, креативті шенеунік ретінде көрсеткен. Бірақ оның мұншалықты деңгейде пысық деп кім ойлаған?! Премьер-министрдің қарапайым қызметкері ешкімнің көмегінсіз танымал бизнесменді пәленбай миллион долларға «сындыруы» мүмкін бе?   Әрине, экс-әкімнің ісіне үкім айтатын біз емес. Төрелікті соттың еншісіне қалдырдық.

Аюпов пен Әбдірахымов уақтысында премьер-министрдің кеңсесінде бірге жұмыс істеген. Әбдірахымов кеңсенің басшысы, ал Аюпов сонда әртүрлі қызметтерді атқарған. 2015 жылы ол екеуі Шымкентке бірге келді. Әбдірахымов әкім, ал Аюпов әкім аппаратының басшысы лауазымын атқарған. Антикордың ресми мәлімдемесінде Мәсімовтің де, Әбдірахымовтың да аты-жөні аталмады. Мәсімовтің жуырда қаңтар оқиғасына қатысты ауыр айыптаулармен ұзақ жылға сотталып кеткені белгілі. Ал Ғабидолла Әбдірахымовтың мәдениет және спорт вице-министрі лауазымынан 2021 жылы босатылған. Содан бергі аралықта үнсіз жүрген Әбдірахымов соңғы кездері әлеуметтік желіде белсенді бола бастады. Ол жуырда фейсбукте президент Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, әділетті Қазақстан құруда толағай табыстар тіледі.

«Зың әкімнің» билікке қайта оралудан дәмесі бар сияқты ма, қалай өзі?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 16.09.2023, 12:33
Ет туралы ертегі
Жарас Кемелжан 16.09.2023, 10:20
Нұрбек «мәселенің қараңғы түрін» біле ме?
Айгүл Баба 16.09.2023, 09:30
Сазда жатқан Ким балшықта отырған Путинге келді
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 10:30
Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 10:30
Ұлттық басылымдарды жабылудан сақтап қалған Алтынбек еді...
Қуаныш Қаппас 14.09.2023, 10:00
Өрісі кең, жолы тар қазақ ураны

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55