Азаматтық форум онлайн форматта өтуде

Сайт әкімшілігі

23.11.2020, 13:54

789

23 қарашада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен "Қоғам мен мемлекет: әріптестік пен дамудың 30 жылында «Біргеміз» атты IX Азаматтық форумның ашылуы өтті. 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Аида Балаева қатысушыларды құттықтап, форум өзін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою үшін беделді, өкілді және ең бастысы пайдалы алаң ретінде танытқанын атап өтті.

«Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев табысты ілгерілеткен азаматтық бастамалар жолы әлемдік пандемия жағдайындағы қазіргі шектеулерге қарамастан, осы бағыттағы жұмысты ілгерілету үшін кең әрі қолжетімді болып қала беретіні маңызды. Бұл біздің өзара іс-қимылымыздың алуан түрлі салаларындағы ұзақ мерзімді мүдделеріміздің кез келген уақытша қиындықтардан басым түсетінін білдіреді», — деп атап өтті министр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, билік органдары, сарапшылар қауымдастығы, іскер топтар мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы диалог бұдан әрі де тең құқықты ынтымақтастықты дамытуға және сенім мен әл-ауқатты арттыруға ықпал ететін болады.

«Бұл тұрғыда жаһандық өзгерістер дәуірінде тұрақты әлеуметтік дамудың қазіргі және жаңа сын-қатерлерін еңсеру үшін бірлескен шешімдерді іздеу аса өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Әрине, бұл жерде біздің барлығымыздан бастама мен шығармашылық көзқарас, жанқиярлық пен табысқа деген сенімділік қажет. Сіздерді форумның басталуымен тағы да құттықтаймын, жемісті кездесулер мен пікірталастар тілеймін!» — деді Аида Балаева.

Тегтер: форум пікір пайым көзқарас

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:31
Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді
Б.БЕКСҰЛТАНОВ 16:02
Сайлау өтті, ары қарай не болмақ?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 11:26
"Екіншінің" екпіні Едігедей болмады
Батыр ЖАСҰЛАН 09:32
Мамин мықты премьер ме?
Досым СӘТБАЕВ 20.01.2021, 09:26
Мамин не үшін әлі отыр?
Әділ КЕМЕҢГЕР 19.01.2021, 13:32
Жағымпаздық үшін қылмыстық жаза керек

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15