Байбек Nur Otan сайлауалды бағдарламасын қалай жүзеге асыратынын айтты

Сайт әкімшілігі

12.01.2021, 15:04

759

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары желіде арнайы жазба жариялады. Ол өз жазбасында Nur Otan сайлауалды бағдарламасын қалай жүзеге асыратынына тоқаталып, дауыс берген азаматтарға алғысын жеткізді.

«Құрметті достар! Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялады. «Nur Otan» партиясы 71,09% дауыс жинады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да біз айқын жеңіске жеттік.  

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз».

Біздің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламамыз – еліміз бен өңірлерді алдағы 5 жылда дамытудың дайын жоспары. Ол Елбасының 5 институционалдық реформасының бағдарын жалғастырады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді қамтиды. 

«Nur Otan»-ның бағдарламасы – егжей-тегжейлі есептелген, қаржылық және нақты ресурстармен қамтылған шаралар. Алғаш рет жоспарлау тәсілі де өзгерді. Мұнда салалық емес, страттық қағидат негізге алынды. Бұл ретте нақты әлеуметтік топтардың мүддесі басты назарда болады. 

Елбасы айтқандай, енді партиямыз сайлауалды уәделердің және Мемлекет басшысының пандемия салдары мен экономикалық дағдарысты еңсеру бойынша қойған міндеттерінің барлық деңгейде іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыс бар», — деп жазды партия Төрағасының бірінші орынбасары. 

Сондай-ақ, ол сайлауға қатысып, партияға сенім білдіргендерге алғысын жеткізді. «Достар! 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беру арқылы жасампаздық пен Қазақстанның өркендеу жолын таңдаған барша азаматқа тағы да алғыс айтамын. 

Бірлесе отырып, сайлауалды уәделеріміздің бәрін де жүзеге асыратынымызға сенімдімін! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», — деп түйіндеді Бауыржан Байбек.

Тегтер: сайлау саясат партия бірлік мәселе оппозиция ішкі саясат реформа

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:10
Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 21.01.2021, 17:31
Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді
Б.БЕКСҰЛТАНОВ 21.01.2021, 16:02
Сайлау өтті, ары қарай не болмақ?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 21.01.2021, 11:26
"Екіншінің" екпіні Едігедей болмады
Батыр ЖАСҰЛАН 21.01.2021, 09:32
Мамин мықты премьер ме?
Досым СӘТБАЕВ 20.01.2021, 09:26
Мамин не үшін әлі отыр?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30