Байбек өрттен зардап шеккен шымкенттіктерді қоныс тойларымен құттықтады

Сайт әкімшілігі

20.10.2020, 11:49

476

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Оңтүстікке сапары барысында Шымкент қаласында болып, былтыр өрт салдарынан баспанасыз қалған тұрғындармен жүздесті. 

«Шымкент қаласында былтырғы маусым айында үйлері өртенген Водопьянов көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездестім. Бұл – бір жыл ішіндегі үшінші кездесуіміз. Тұрғындарды алдағы қоныс тойларымен құттықтадым. 

Жаңа тұрғын үй салу мәселесі жыл бойы партияның ерекше бақылауында болды. «Nur Otan» депутаттарының қолдауымен 5 қабатты үйді салуға және инженерлік желілерді тартуға жергілікті бюджеттен 550 млн. теңге бөлінді. Жұмыстың сапасы мен мерзімінің сақталуын партиялық бақылау комиссиясы қадағалады. 

«Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы, қала әкімі М.Әйтеновтің айтуынша, алдыңғы сапарда уәде етілгендей, 42 отбасы осы қараша айында құқық белгілейтін құжаттарын қолдарына алып, жаңа пәтерлерге қоныстана алады. 

Осы сәтті пайдалана отырып, қиындыққа тап болғандарға қол ұшын созып, уақытша баспанамен, киім-кешекпен және барлық керек-жарағымен қамтамасыз еткен барша партияластар мен ақжүрек азаматтарға алғыс білдіремін», — деп жазды партия Төрағасының бірінші орынбасары желідегі  парақшасында.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:54
Азаматтық форум онлайн форматта өтуде
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 09:23
Сындырып, қиратудан бюджетке 48 миллион теңге шығын келген
Сайт әкімшілігі 22.11.2020, 14:49
Байбек: Nur Otan-ға 5 жыл ішінде 1,2 млн. адам жүгінді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56