Байларды қойшы, қара халық Қазақстаннан неге қашады?

Әділ АҚЫЛБАЙ

19.11.2020, 09:09

1349

    «Біреудің Қазақстаннан басқа елге көшкенін естіген сәттерде мені уайым басады. Көшудің қажеті қанша? Олар барған жердегіден де жақсы жағдайды өз елімізде жасай аламыз. Сол үшін жергілікті әкімдер өте мұқият болуы тиіс. Неге көрші елдің ЖОО-ларына кетіп жатыр? Ендеше біздің ЖОО-ларды олардыкінен жақсы ету керек. Егер қазақстандықтар дұрыс пайдалана білсе, Қазақстанның көп ұлттығы – біздің күшіміз һәм байлығымыз», – деген еді жуырда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев.

      Шынымен де Қазақстаннан көшіп кетудің қажеті қанша? Бұл сұраққа жауап іздеген 36 жастағы заңгер Ержан Есімханов қарапайым халыққа қазіргі Қазақстаннан көшіп кетуге түрткі болатын ең негізгі сегіз себепті атапты. Оның пікірінше, олар мынау:

1. Қазақстаннан болашақ көрінбейді. Халық өзі мен балаларының болашағы үшін бөтен елдерге көшеді.

2. Білім алу үшін көшеді. Елдегі білім саласындағы бітпейтін реформалар орта білім мен жоғары білімнің түбіне жетіп тынды.

3. Қазақстанның ауасы лас. Мұндағы өмір неше түрлі аурулармен күресіп, балаларын емдеумен өтіп жатыр. Жағдайдың түзелетін түрі көрінбейді.

4. Дәріханалардағы ұзын сонар кезектерде тұрғысы келмейді.

5. Тойымсыз, «басқа Қазақстанда тұратын» шенеуніктер әбден шаршатты.

6. Қазақстанда адам өзін қауіпсіз сезіне алмайды.

7. Қазақстандағы өтіріктен шаршады халық. Билік шешімдерінің логикаға сыймайтыны, сандарды құбылтып, қырық айналдырып көрсететін жаппай бұрмалаушылығы.

8. Қазақстаннан адам сияқты өмір сүргісі келетіндер кетіп жатыр. Отыз жыл бойы естіп келе жатқан уәделердің әлі де орындалатын түрі көрінбейді.

       Осы айтылғандардың әрқайсысына билік үңіліп, ойлануы керек шығар енді. Cтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының ресми мәліметінше, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстаннан басқа елдерге 2047 адам біржолата кетіп қалған.

      Әрине, ауылдан қалаға, Қазақстан сияқты жерден дамыған шетелге көшу деген қанша жерден табиғи, жаһандық құбылыс дегенімізбен, халықтың, әсіресе жастардың Қазақстанды тастай қашуы ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Сондықтан, елбасымыз айтқандай, шетелдегідей жақсы жағдайды өз елімізде жасауға кіріспесек болмас-ау.

Тегтер: көші-қон халық шетелшешім

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 09:07
Билік тәуелсіз партияларды парламентке жібермейді
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 13:01
Мамин мен Назарбаева Мәжіліс сайлауына қатыспақ
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 12:25
Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңге бөлінеді
Әділ КЕМЕҢГЕР 24.11.2020, 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 24.11.2020, 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42