Балаеваға сұрақ көп...

Ақтоты АҚҚОЗЫҚЫЗЫ

30.07.2021, 08:55

1272

Оқырман ретінде біздің министрлер халыққа жақын ба, олар әлеуметтік желіге не салады, өз министрліктерінің  жұмысын қалай көрсетеді? Біраздан бері осы жайттарды таразылап, қарап отыруды әдетке айналдырдым. Мен осы жолы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызының фейсбуктегі парақшасына үңілуді жөн көрдім. Министрдің соңғы шілде айындағы фейсбуктегі жазбаларына сараптама жасадым.

       Байқағаным, министр ханым елімізде болып жатқан оқиғалардын тыс қалмауға тырысады. Мемлекет басшысының іссапарлары мен өткізген іс-шаралары,  үкіметке берген тапсырмаларын өз парақшасында жиі бөліседі. Нақты айтсақ, Тоқаевтың шілде айында өткізген  іс-шарасы және жарлықтарына қатысты 10-11 материал бар.

      Министр ханым өмірден өткен тұлғаларды  еске алып, көңіл айтуға тырысады. Мысалы, шілде айындағы жазбасында төрт көңіл айту бар. Дұрыс, өмірден өткен қазақтың танымал тұлғаларына көңіл айтқан парыз. «Өлі риза болмай, тірі байымайды». Бұл аруақтарды еске алу, олардың өмірдегі орнын бағалау деп білемін.

        Алайда айта кететін бір нәрсе бар. Туған күнінде «Аллаға шүкір, өз тағдырыма ризамын» деген Аида Ғалымқызының парақшасында «Қайырлы таң!» атты суретті жазба өте көп. Көз сүрінеді. Шектен тыс. Бозарып таң атып келе жатқанда бұқараға сәттілік тілеген жақсы қой. Бірақ таң ата сәлем жолдайтын министрдің  әлеуметтік желідегі осы жазбасына тұрақты жауап беруді  әдет қылғандар көп екен. Жалпы, байқағанымыз, ақпарат және қоғамдық даму министрінің әлеуметтік желідегі парақшасы жұтаңдау сияқты көрінді. Тіпті министрге қарағанда облыс әкімдері өздерінің атқарған жұмыстары туралы фейсбукте көп есеп беретінін байқадық. Осы жайтты БАҚ өкілдеріне жақын болғандықтан, министр көбірек ойласа екен. Мысалы,  жаңылыспасақ, министрліктің шілде айында атқарған шараларына қатысты Аида Ғалымқызының парақшасында бар-жоғы 10-нан аса ғана материал бар. Журналистер, әрине, министр ханымның өзіне жақын болғанын қалайтыны түсінікті. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары саласына қатысты барлық жайттар мен ақпараттар және оқиғалар Аида Ғалымқызының фейсбуктегі парақшасында көбірек болса екен деп тілейміз. 

          Тағы бір айтар нәрсе, министрдің  парақшасында көмек сұраған жазбалар бар. Әрине, басқа салмасын,  баласы ауырған адамның министрден қолдау күткені, көмек сұрағаны дұрыс шығар. Бірақ «Қайырлы таң»  деп, қуанышпен сәлем жолдайтын министр өз  парақшасын анда-санда бір тазалап тұрса дейміз.

       Халықтық басылым – «Жас Алаштың» оқырманы ретінде айта кетер тағы бір мәселе, ақпарат және қоғамдық даму министрі журналистерге сұхбат беруге өте сараң сияқты. Мұны неге айтып отырмын?  Министрдің парақшасынан байқағанымыз, Аида Ғалымқызы шілде айында тек «Айқын» газетіне сұхбат берген. Бұл өте аз. Демек, ол журналистерге жақын емес. Бұл – бір. Екіншіден, өзім тұрақты көретін «Балаеваға үш сұрақ» атты жақсы жоба бар. Бұл жоба аясында министр журналистерге соңғы рет  25-і күні «Ауыл әкімдерін сайлау туралы» сұхбат берген. Ал ауыл әкімдері осыдан екі-үш күн бұрын сайланып кетті. Қоғамдық дамуда енді әкімдердің рөлі қандай болмақ? Министр оны да айтып кетсе, артық болмайтын еді. Ары-бері қарап, іздеп таппадық, «Балаеваға үш сұрақ» жобасы сол 25 мамырдан кейін жалғаспай қалған сияқты. Ал 25 мамырдан бері елімізде назар аударарлық қаншама оқиғалар өтті. Егер Балаеваның министрлігі шын мәнінде ақпарат және қоғамдық даму деп аталатын болса,  онда неге Аида ханым осы жобаны тұрақты түрде жалғастырып отырмайды? 25 мамырдан бері екі айдан аса уақыт өтті. Ал «Балаеваға үш сұрақ» қазір көп сұраққа айналып кетті ғой. Жалпы, бұл жақсы жоба. Сондықтан министр бұл айдарды айына екі немесе үш рет өткізуді тұрақты дәстүрге айналдырса, жұртшылыққа да жақсы болар еді.

      Қазақстанда азаматтық қоғам инс­­титуты толық қалыптасты ма? Үкіметтік емес ұйым­дар билік пен бұқара арасын жал­ғайтын «алтын көпір» бола алды ма? Қоғамның дамуында азаматтардың белсендігін қалай арттыруға болады? Шын мәнінде төртінші билік саналатын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мәртебесін қалай көтереміз? Қазіргі кезде кейбір министрлерден жауап алу неге қиын? Азаматтық қоғамды дамыту концепциясы мен оны жүзеге асыру үшін не істелініп жатыр? Ал азаматтық қоғам ұғымын халық қалай түсінеді?

      ...Қысқасы, Балаеваға қойылар сұрақ көп.

Тегтер: министр реформа халық пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:15
«Самұрық-қазына» қорының 2021 ж. І жартыжылдығындағы қаржылық көрсеткіштері
Сайт әкімшілігі 12:00
Тоқаев БҰҰ саммитінде қандай мәлімдеме жасады?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 08:55
Жолдау ма, алдау ма?
Батыр ЖАСҰЛАН 03:09
«Қазақстанды екінші Украинаға айналдырғысы келеді»
Сайт әкімшілігі 23.09.2021, 18:54
Байбек: Жекелеген сайлауалды уәделер бойынша жыл соңына дейін орындалмай қалу қаупі бар
Мариям МАҚСАТ 23.09.2021, 14:30
Былапыт сөздермен былғанған шенеуніктер

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39