Бәрін бүлдірді! Ақсақалов араласса – осы

Айнұр АБАЕВА

21.09.2022, 08:45

442

Обухов тау-кен байыту комбинатында тыныштық жоқ. «Тиолайн» компаниясы биліктің қысымымен күресуде. Күрес облыс басшылығы ауысқанша жалғаса береді. Бұл тау-кен байыту комбинатының директоры Виктор Долгалевтің пікірі.

Виктор Иванович компанияның 2022 жылдың шілде айындағы жұмысының қорытындысын шығарды. Соңғы бір айда кәсіпорын 2 780 тонна цирконий концентратын өндірді. Жұмысшыларға берілген сыйақы 164%-ға дейін өсті. Комбинаттағы орташа жалақы 449 мың теңгені құрады. Тұрақсыз доллар бағамы жалақыны 1000 долларға дейін көтеруге кедергі болды.

Виктор Иванович ЖШС қысым көрсетілсе де, өсіп келе жатқанын айтады. ТКБК директоры бағаның көтерілуі мен елдегі дағдарысқа да тоқталды. Долгалев атап өткендей, Қазақстан ресурстарға бай мемлекет. Мұнай, темір, астық бар. Бәрі біздікі. Жақсы өмір мен дамуға ештеңе кедергі жоқ.

— Мен дүкенге кіріп, қымбаттығына қарамай, қантты сөреден сыпырып жатқан жұртты көргенде шошимын. Кей заттар негізі 3-4 есе арзан болуы керек. Мұндай бағалармен біз алысқа бармаймыз. «Стагфляция» деген ұғым бар. Тоқырау мен инфляция қатар жүргенде айтады. Өндіріс өспейді. Инфляция өсуде. Біз осындай қиын кезеңге тап болдық, – дейді Виктор Иванович.

Долгалевтің айтуынша, еуропаның кей елдерінде де жағдай қиын. Дегенмен Қазақстан халқы жақсырақ өмір сүруге лайық емес деп кім айтты. Бұл үшін Қазақстанның әлеуеті зор болса.

Қазақстанда ойбай, бірдеңе тапшы, жетпей жатыр деген күлкілі сөзді қай ақымақтар шығарады екен? Бізде бәрі бар. Қант та, нан да, ет те. Олар неге тапшы бола салады? Оның қымбаттағаны – абсурд. Қаласаңыз, бұл сұмдықты оп-оңай, – деп атап өтті Виктор Иванович.

Бірақ ТКБК директоры биліктің жұмысына күмәнмен қарайды.

Жуырда мен Құмар Ақсақалов туралы ел-жұрттың ойын сұрағам. Қызметінен кететін түрі бар ма, жоқ па дегендей. Бірақ халық басқа кандидаттардың одан да нашар боп шығатынын айтады. Міне, халқымыздың менталитеті. Жалпы, біздің облысты басшы деген критерийге еш жері сай келмейтін адам басқарады. Бірақ халық оны түсінбей, Ақсақаловтың етегіне жармасады. Менің Ақсақаловқа айтарым: Сіз облыс әкімі ретінде өз кабинетіңізде отырыңыз. Бірақ еш нәрсеге араласпаңыз! Сіз «Тиолайн» компаниясының ісіне араласпадым деп соғасыз, бірақ мен сізге сенбеймін. Сіз араластыңыз. Сіз әлі араласасыз. Бұрын ашық түрде жасадыңыз. Енді сіз қорқып жүрсіз, – дейді Долгалев.

Ол Құмар Ақсақалов «Тиолайн» компаниясының мәселелерін жасырын қадағалап отыр деп есептейді. Ол әкімді өз компаниясын ұмытуға шақырды. Башқұрт сода компаниясына көмектеспеңіз. Сонда ғана «Тиолайн» компаниясы дамиды және әлемдегі ең мықты компаниялардың бірі болады. Сонда жанжал да, төбелес те, соттар да болмайды. Және басқа да қысым жасау және бизнесті тұншықтыру әрекеттері жойылады.

Долгалевтің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті билігі қылмыскер Саверскийді қолдайды. Бұл адам комбинаттың басып алу кезінде егде жастағы әйелді басынан ұрған. Ол әйел Башқұрт сода компаниясының қызметкері ретінде тіркелген, Ресейден жалақы алады және сол жерге салық төлейді. Қазақстанға бір тиын салық төлемеген. Бірақ 5 жыл жалақы алып, оны ешкім тексермеген.

Оның әйелі Екатерина Плугина «Тиолайн» ЖШС директорының номиналды директоры боп отыр. Бірақ ол кісінің компанияға пайдасы шамалы. Соттасудан басқа. Ол Қазақстанда Башқұрт сода компаниясының өнімдерін сатады. Ақша алады. Сол ақшасымен Қазақстан Республикасының азаматтарына зиянын тигізуде.

Долгалев «Тиолайн» компаниясында қомақты соманы қолма-қол ақшаға айналдырған Бисұлтановты да еске салды. Ол үшеуін де Құмар Ақсақаловтың достары дейді. Сосын «Тиолайн» директоры қазақстандық судьялардың әрекетін сынға алды.

— Осындай адамдармен ауыз жаласып, ортақ іспен айналысса, олар өздерін құрметтемейді екен. Өздерін тым төмен бағалаған екен, – дейді ЖШС директоры.

Долгалевтің айтуынша, жағдай шегіне жетті. Қазақстан мемлекеті мен тау-кен байыту комбинатының адал еңбек ететін қызметкерлері құрбандыққа шалынғалы тұр. Салық төлейтін компания. Өз қызметкерлерін құрметтейтін, лайықты жалақы беретін. Ешқашан адал жұмыс істемей өмір сүргісі келмейтін алаяқтар құртайын деп отыр.

Екатерина Плугина – Ресей азаматы. Ол Қазақстан азаматы ретінде балалар жәрдемақысын алды. Нотариус болып жұмыс істеген. Ол Қазақстан атынан сотқа шағым түсірген. Алаяқтық пен алдаумен құжаттарды бұрмалаған.

Судьялар неге оларды жақсы көреді? Осыны анықтайық. Судья Төлебаев деген бар. Ол мені жұмыстан шығаруға болады деп шешті. ТКБК аумағына кіруіме тыйым салды. Ол мені жұмыстан босатуды ненің негізінде қабылдады? Жұмыстан босату туралы бұйрықты көрсет деп алты рет сұрадым. Үндемеді. Мені өз кәсіпорнымның аумағына кіргізбеу туралы шешімді қайдан, қалай ғана қабылдады? Бисұлтанов пен Мұртазалиевті кіргізді ме?, – деп сұрайды Виктор Иванович.

Оның айтуынша, ол Төлебаевқа жоғарыда аталған жолдастар сияқты пара бермеген. Долгалев үнемі «левый» шешім қабылдайтын судья Нұрланов туралы да айтты. Соттарда істерді электронды түрде тарату бар. Нұрланов 4 рет БСК пайдасына шешім шығарған екен.

Нұрланов қатарынан 4 рет алаяқтардың пайдасына шешім шығарды. Қазақтың ата-бабасы алаяқтарды аттың құйрығына байлап, далаға жіберген, – деп атап өтті Долгалев.

Долгалев Саверскийді ЖШС директоры етіп тағайындап қойған қарағандылық судьяларды да ұмытпады. Үш рет сот шешімі қылмыскерлердің пайдасына шығарылған. Виктор Ивановичтің айтуынша, бұл судьялар Саверскийдің нұсқаулығы бойынша жұмыс істеген.

ЖШС басшысының айтуынша, сыбайлас жемқорлық жегіқұрт сияқты, түбі түгел жеп, ірітіп тынады. Әділдікті ойыншық қылады. Осындай масқара шешімдерден кейін билікке сенуді қоясың. Ең сорақысы, судьялар мемлекет атынан сөйлейді. Олардың Қазақстанның атын аузына алып тұрып шешім қабылдайтынын қайтерсің?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 16:22
Қазақстан Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салады
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 12:00
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 11:45
«Ұлы дала жорығы»: «AMANAT» партиясының қолдауымен бәйге-додасы мәреге жетті
Әділ КЕМЕҢГЕР 30.09.2022, 08:34
Даниалдар «дань» төлемейді!
Жарас КЕМЕЛЖАН 29.09.2022, 08:37
Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
Еркежан АРЫН 28.09.2022, 12:39
Республика күнінің маңызы зор

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37