Бәрін түрмеге жаба алмайсыңдар!

Сайт әкімшілігі

15.10.2021, 15:14

772

Азамат, қазақ және саясаткер ретінде бүгін – 11 қазанда Алматыдағы Алмалы аудандық сотының «тыйым салынған ұйымды құрды» және «оның ісіне араласты» деп айыпталған бір емес, 13 азаматқа шығарылған үкімге қатысты наразылығымды білдіремін.

      Төрт азамат бес жылға бас бостандығынан айырылды, қалған тоғыз белсендінің еркіндігі бір жылдан екі жылға дейін шектелді.

       Биліктің Әблязовқа деген көзқарасын білеміз. Жек көрсе, сонымен күрессін. Бірақ ел ішінде жүріп, билікке қатысты сыни пікір ұстанған адамдардың не жазығы бар?

      Егер де олар шын мәнінде конституциялық талаптарды бұзып, ел тәуелсіздігіне, жер тұтастығына нұқсан келтіретін қимыл-әрекетке барса,  оны сот ашық түрде дәлелдесін. Ондай дәлелді көріп отырған жоқпын.

     Ал XXI ғасырда оппозициялық ой-пікір білдіргені үшін түрмеге жабу не еркіндігін шектеу – кешегі қылышынан қан тамған совет дәуірінің атавизмі, авторитаризмі де емес, нағыз тоталитаризмнің жарқын көрінісі. Мұндай адам құқы мен демократия принциптерін аяқасты еткен солақай сот үкімдерімен Қазақстан өркениетті елдер ортасынан шеттетілуі де әбден мүмкін.

     Қазір билікке наразы, оның саясатына қарсы адам 13 емес, миллиондап саналады. Оның бәрі белгілі себептермен өз пікірін ашық айта алмай, іштен тынып жүр. Олардың бәрін түрмеге жаба алмайсыңдар!

Әміржан Қосан (Facebook-тегі парақшасынан)

Тегтер: билік Ресей Қырғызстан Украина ТМД Араб көктемі демократия

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ АҚЫЛБАЙ 15:46
Назарбаев дұрыс істеді!
Сайт әкімшілігі 13:15
Тоқаев үкіметке жаңа кадрлар даярлау жөнінде тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 11:35
Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылын қалың бу басып қалды
Еңлік АБАҒАН 09:16
Ырымшыл Бозымбаев һәм Баталовтан қалған аутсайдер облыс
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:15
Сталин өлтірді, Ақсақалов күресінге тастады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:08
30 градус аяз болады

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14