Батырдан қалған жәдігер

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

23.11.2022, 09:26

1678

Жалағаш ауданында Қайқы батырға тиесілі мылтық бар. Бүгінде құнды жәдігер батырдың шөбересі Ж. Жақсығұлұлының шаңырағында қастерлі дүние ретінде сақтаулы тұр. Баба ұрпағының айтуынша, үйінің төріне ілінген мылтық Қоқан бектерінің жасауылдарымен болған қақтығыста Ұзақ бабаның қолына түскен. Кейін қаруды ұрпағына мұраға аманаттап, табыстапты.

Әкеден қалған қаруды Қайқы батыр тек аңшылық кәсіпке пайдаланып, өмірінің соңында үлкен ұлы Есжанға қалдырған. Бүгінде баба ұрпақтары бұл қаруға қара шелек деген атау беріпті.

– Қара шаңырақтан бөлек шығатын болып, менің әкем «еншімді бер» деген ғой. Есжан атамыз баласы бөлек кетіп бара жатқан соң, өзіне әкесінен қалған мұрасын 1909 жылы арнайы береді. Есжан атамыз баласына «бұл киелі мылтық, қайда жүрсең де қорғаушың болады» деп табыстапты, – дейді Қайқы батырдың шөбересі Жантүгел Есжанов.

Ауырып мазасызданғанда қасиетті қара мылтықты сұрап келетіндер көп көрінеді. Сырқаттанған жанның бас жағына мылтықты қойса, дертінен айығады деген сенім болса керек. Оның себебі де бар. Өйткені науқастанған сәбиге ұңғысына су құйып ішкізсе, бала тәуір болып, шауып кететін көрінеді. Сондай-ақ жүкті әйелдің толғағы жеңіл болады деп сенетіндер де бар.

– Қайқы батыр Қоңырат еліне жиен болып келеді. Батырдың әкесі Қайқы туған кезде нағашысы Қайқыға ұқсап би, әрі батыр болсын деп атын Қайқы қойған екен. Ол кісі де сол қазақтың бітпес жер дауы, жесір дауы, барымта секілді таусылмайтын дауларға жастайынан араласып, әрқашанда әділдігін айтып, халықтың ықыласына ие болды, – дейді аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Қанат Жапақов.

Көне мылтықтың ұзындығы – 150 см болса, құндағы 97 см. Білетіндердің айтуынша, бұл мылтықтың оқ дәрісі алыс қашықтыққа ұшқан. Құнды мұра қанша уақыт өтсе де қаз-қалпында сақталыпты. Барлық механизмдері жұмыс жасап тұр. Әлі де атуға жарамды. Қайқы батырдың ұрпақтары заманына қарай мылтықты ұсталардың көмегімен бір құлақты пыстанмен оталатын шүріппелі етіп өзгертіп, аңшылық қызметтеріне пайдаланған көрінеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 13:50
Тоқаев: Асыл құндылықтарымызды аяқасты етуге жол бермейміз
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 10:33
Смайылов қазақстандықтардың шағымына үн қатты
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 15:22
"Әртүрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз". Депутат елдегі жалақы туралы айтты
Күлтегін БЕК 02.06.2023, 10:15
Өзбекстан қай жолды таңдады?
Жарас ШӨКЕ 01.06.2023, 09:06
Смайылов айтқанмен... Фостер пысқырмайды, Денисовке бәрібір
Сайт әкімшілігі 31.05.2023, 17:28
Депутат бас прокурорға жүгініп, бірқатар атышулы есімді атады

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11