"Бейбіт күнде жақындарымызды жоғалтуға болмайды" - Тоқаев үндеу жасады

Сайт әкімшілігі

19.07.2021, 17:03

1716

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды өз денсаулығын күтуге, туған-туыс пен отбасының амандығын ойлауға шақырды, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды», — деді Президент.

Мемлекет басшысы вирустың «ең қымбат» жандарға зардабы тиетінін атап өтті.

«Бұл күресте біздің аға буын зардап шегеді, бірақ балалардың ауыратыны өте жаман.

Өзіңізді және жақындарыңызды осы қауіптен қорғаудың жалғыз жолы — вакцинация. Әлемдік медицина әлі басқа әдіс ұсынған жоқ, жақын болашақта ұсынуы да екіталай. Вакцина — өзімізді және отбасымызды қорғаудың жалғыз мүмкіндігі. Балаларымыз біздің қателік үшін зардап шекпеуі тиіс! Бейбіт күнде жақындарымызды жоғалтуға болмайды.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс», — деді Президент.  

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 09:03
Қылмыстық істердің 68 пайызы электронды форматта қаралды
Сайт әкімшілігі 08:54
«Құрметті олигархтар» қазақ спортын құртыпты
Еркежан АРЫН 03.08.2021, 16:50
Қазақстан – Еуроодақ: сот саласындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейі
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:42
Азаматхан Әміртай: ҚазҰУ-дағы дау: студенттер жатақханасыз қалмақ па?
ІІМ ӨҚД бастығы А.Саданов 03.08.2021, 09:14
Түрмеден хат: Тұрғынбаевтың жауабы қысқа болды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:32
Түркиядағы өрт: террористік ұйым жауапкершілікті өз мойнына алды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58