«Биліктен ресейлік телеарналарға шектеу қоюды талап етеміз»

15.01.2019, 17:47

464

Биылғы жыл Белорусьта «мемлекеттік тіл» жылы болып жарияланбақ. Бұл туралы «Белорусский народный фронт» оппозициялық партиясы ресми сайтында мәлімдеп, тұрғындарды ана тілінде сөйлеуге шақырды. Соңғы уақытта Ресей мен Белорусь Одақтас мемлекет ретінде айтылып жүргендігі рас. Сол себепті партия өкілдері көпшіліктен ана тілін дамытуды қолға алуды өтінді. Сондай-ақ белорусь тілін білім және құқық саласында кеңінен пайдалану қажеттілігі айтылуда.«Біз биліктен ресейлік телеарналардың жұмысына шектеу қоюды талап етеміз. Өйткені олардың кейбіреулері ұлтаралық қақтығысты туындататын хабарлар таратады. Біздің елімізге қарсы ақпараттық соғыстың жүріп жатқанын байқауға болады», — дейді партия өкілдері.Партия өкілдері мемлекеттік тілді дамыту арқылы ғана, ел Тәуелсіздігін нығайтуға болатынын айтады. «Қазіргі күні Белоруссияның тұрғындары орыс тілінде сөйлейді. Орыс тіліндегі кинолар мен хабарларды көреді, орыстардың стилінде өмір сүреді. Соның салдарынан ұлтымызға қауіп төніп тұр. Күндердің күнінде Ресей танкілері келіп, өз халқымызды қорғап жатырмыз деп айтулары мүмкін», — дейді оппозициянерлер.Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Белорусь пен Ресей елдері тығыз байланыстарын толықтай үзе қойған жоқ. 1996 жылы екі мемлекет арасында қоғамдастық құрылған болса, араға бір жыл салып екі ел басшылары одақтастыққа қатысты келісім-шартқа қол қойды. Дегенмен, ел президенті Александр Лукашенко Белорусь ешқашан Ресейге қосылмайтынын айтудан жалыққан емес. Алайда, бүгінде мемлекет басшысының бұл сөзіне күмәнмен қарайтындардың қатары артып келеді.Ендігі кезекте оппозияция Ресей телеарналарының жұмысына шектеу қою арқылы, ұлтқа төнген қауіпті сейілтуді көздейді.Фото: svoboda.org
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:57
Қазақстанда ауа райы бойынша 53 жыл бұрынғы рекорд жаңарды
Сайт әкімшілігі 14:25
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды
Жарас ШӨКЕ 07.06.2023, 15:40
«Үңгірдегі» Абаев Қақпан қапты
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 13:50
Тоқаев: Асыл құндылықтарымызды аяқасты етуге жол бермейміз
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 10:33
Смайылов қазақстандықтардың шағымына үн қатты
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 15:22
"Әртүрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз". Депутат елдегі жалақы туралы айтты

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00