"Бірнәрсе істеймін деп ойламасын!"

15.01.2019, 18:01

448

Қырғызстанда Қытайға қарсы көңіл-күйдің өршуін Қырғызстанның социал демократиялық партиясының қызметімен байланыстыру әрекеттері жиілегеніне байланысты ҚСДП арнайы мәлімдеме жасады. ҚСДП баспасөз хатшысы Құндыз ЖОЛДЫБАЕВА осыған байланысты ресми хабарлама таратты.Азаттық радиосы-ның жазуынша, партияның баспасөз хатшысы Қытайға қарсы митингілерге ҚСДП жетекшісі, экс-президент Алмазбек Атамбаевтың да, партияның да қатысы жоқ екенін айтқан.«Біздің саяси қарсыластарымыз бұл кезекті жалған және лас ақпараттық арандатулар арқылы өздері жіберген қателіктерді экс-президент Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарына жабуға тырысып отыр. Кәсіби арнайы қызметке арандату мақсатындағы митингілерді расымен кім ұйымдастырғанын анықтау қиын емес», дейді ол.«Кыргыз чоролору» қозғалысының өкілдері Қытайдан келген заңсыз мигранттарды елден депортациялауды талап етіп, желтоқсан айында бірнеше қарсылық акциясын өткізген. Ұйым мүшелері егер талаптары орындалмаса, билік тарапы тағы да үнсіз қалса, бұл іспен өздері айналысатынын мәлімдеген.Осыдан кейін, әлеуметтік желілерде заңсыз мигранттар ағынын тоқтатуға шақыратын хабарламалар мен видеолар пайда бола бастаған. Осыған орай, Қырғызстан ішкі істер министрлігі этникааралық алауыздықты қоздырып, арандатушылардың жауапқа тартылатынын ресми түрде ескерткен.Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков мұндай арандатуларды сыртқы емес, ішкі күштерден көріп отыр. Оның ойынша бұл әрекет мәселені саясиландыру үшін жасалып отыр. Бұл жағдайды "Қытаймен қарым-қатынасты бұзу әрекеті" деп атаған президент:"Қандай сыртқы күштер екенін білмеймін, бірақ мұндай ішкі күштерді білеміз. Бірнәрсе істеймін деп ойламасын! Барлығын жауапқа тартамыз. Мемлекетте заң мен билік жұмыс істеп тұр. Біз ешнәрседен қорықпаймыз. Барлығына шара қолданамыз, мәселені шешеміз" деді.Фото: respub.kg
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:57
Қазақстанда ауа райы бойынша 53 жыл бұрынғы рекорд жаңарды
Сайт әкімшілігі 14:25
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды
Жарас ШӨКЕ 07.06.2023, 15:40
«Үңгірдегі» Абаев Қақпан қапты
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 13:50
Тоқаев: Асыл құндылықтарымызды аяқасты етуге жол бермейміз
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 10:33
Смайылов қазақстандықтардың шағымына үн қатты
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 15:22
"Әртүрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз". Депутат елдегі жалақы туралы айтты

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00