Биылдан қалмайды-ау, Батьконың күні бітті

Әділ АҚЫЛБАЙ

01.10.2020, 02:57

4585

Лукашенконың билігі әбден әлсіреді. Халықтың күші күн өткен сайын арта түсуде

Беларусь жақта қызық оқиғалар болып жатыр. Кешегі Беларусь президенті сайлауындағы экс-кандидат мәртебесімен жүрген Светлана Тихановскаяның беделі енді әлемнің көз алдында республиканың басшысы дәрежесіне дейін бірақ көтерілді. Оны күні кеше Франция президенті Эммануэль Макрон тура президент деңгейіне тең дәрежемен қабылдады. Бірақ екеуінің нақты не жайында сөйлескені хабарланған жоқ.

Енді Тихановскаяны келесі аптада Германия канцлері Ангела Меркель де қабылдауға дайын екені белгілі болды. Тихановская Германия үкіметіне «Беларусь президенті» деп таныстырылмақ, ол аздай, бұдан бөлек, Тихановскаяның Еуропада тағы бірнеше жоғары деңгейдегі кездесулері жоспарланған екен.

Ал Ресей жаққа келсек, Ресей әлі Александр Лукашенконы қолдағандай болып отыр. Кеше ғана Ресей мен Беларусьтің өңірлік форумында сөз сөйлеген Владимир Путин «қазір Минскіге бұрын-соңды болмаған халықаралық қысым жасалып жатыр» деп мәлімдеп жіберді. Путин «бұрын-соңды болмаған қысымды» меңзеп, дәл қазір Ресейдің қолдауы аса маңызды екенін айтқан Беларусь премьер-министрі Роман Головченконың сөзін келтірді.

Шындығында, Ресей мен Еуроодақ диктатор Лукашенконы ауыстыру мәселесінде ортақ мәмілеге келіп қойған сыңайлы. Мұны тек Батьканың өзі білмейтін болуы мүмкін. Тек Ресей де Еуроодақ тарапы да «Лукашенконың кетуі» жобасын өз бетінше, жеке жүргізуде.

Тихановская нақты мерзімдері бар нақты идея ұсынады: президент сайлауы биылдан қалмай, қайта өткізілуі керек. Бұл Еуроодаққа қолайлы жоба және оны алдағы уақытта ЕҚЫҰ алаңында талқылау ұсынылуда. Макрон мен Тихановская кездесуі барысында осыны келіскен сыңайлы.

Ресейдің жобасы – Батька ғана емес, Путиннің жирен мұртты баспасөз хатшысы да хабарлап үлгерген баяғы конституциялық реформалар. Дмитрий Песков конституциялық өзгерістер бойынша Минск үшін Мәскеу өзінің мол тәжірибесімен бөліседі деген уәде берді. Бірақ ресейлік жобаның басты проблемасы – нақты орындаушысы мен нақты мерзімдері жоқ. «Өзгеріс жасалады, реформа болады» дейтін Лукашенко оның қашан жасалатынын нақты айтпайды, одан халықтың ұғатыны – реформа ешқашан да болмайды.

Соған қарағанда, Батьконы «ауыстырудың» ресейлік жобасы жүзеге аса алмайды. Ендеше Путинге Тихановскаяның өзімен келісім табуға тура келмек пе? Беларусьтің халықтық президенті Светлана Тихановская: «Лукашенконың шаруасы бітті, ол қалайда кетеді, бірақ Мәскеу өзінің әлсіздігін білдірмеу үшін диктаторды кетіре салуға батпай отыр», – деп мәлімдеді.

Бұл Батьконың халықтан тығылып, Мәскеуге айтпай, құпия инаугурация өткізгені де Мәскеу үшін күтпеген нәрсе болды. Ресейлік саясаттанушы Михаил Дубнов айтқандай, «ресейлік насихаттаушылар қалай әрекет ету керектігі туралы нұсқау алмады, ал Лукашенко Мәскеуді жайсыз жағдайда қалдырды».

Бұл құпия инаугурация өткізудің шынымен де Кремль жақтан жеткен саяси технологиялық кеңес екені білініп қалса, онда Мәскеу масқара болар еді. Енді Беларусь дағдарыстың жаңа кезеңіне түсіп, Кремль не істерін білмей отыр.

Содан Тоқаев пен Путин, Орталық Азияның басқа да басшылары қатысқан БҰҰ-ның онлайн отырысында Лукашенко төбесін көрсетпеді.

Ал Беларусь халқының наразылық шерулерінің еш тоқтамай жалғасып жатқанына ендігі екі айға жуық уақыт болды. Лукашенконың билігі елде әбден әлсіреді. Ал халықтың күші керісінше, күн өткен сайын артып келеді.

Әзірге, Кремль Тихановскаямен сөйлескен жоқ. Анығы, Мәскеу жанталасып, Беларуське жаңа басшы іздеп жатыр қазір. Бірақ Лукашенко кетіп, Мәскеу Минскіге өз адамын дайындап үлгермесе, онда Тихановскаямен келіссөз жүргізуг

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:54
Азаматтық форум онлайн форматта өтуде
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 09:23
Сындырып, қиратудан бюджетке 48 миллион теңге шығын келген
Сайт әкімшілігі 22.11.2020, 14:49
Байбек: Nur Otan-ға 5 жыл ішінде 1,2 млн. адам жүгінді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56