Біз Ресейге тәуелді емеспіз, Ресейден қорықпаймыз – Қошанов

Сайт әкімшілігі

23.11.2022, 16:44

501

Мәжілістің кулуарында Ерлан Қошановқа «Қазақстанда Ресей билігіне қарсы пікір білдірген адамдар жауапқа тартылады. Алайда ресейліктер бізге қатысты ойына не келсе, соны айта береді? Неге олар жауапқа тартылмайды? Біз Ресей тәуелдіміз бе? Одан қорқамыз ба?» деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды  Жас Алаш Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

«Біз Ресейге тәуелді емеспіз. Ресейден қорықпаймыз. Біз терезесі тең, егеменді мемлекетпіз. Біріншіден, барлық мәселе заң аясында жүргізіледі. Екіншіден, Қазақстанға қарсы сөз айтқан Ресей азаматы немесе басқа ел азаматтарының пікіріне қатысты Президенттен бастап, депутаттар, Сыртқы істер министрлігі өз жауабын беріп жүр. Оны сіздер естідіңіздер», — деді  Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс спикерінің айтуынша, телеарналардан айтылып жүрген, кейбір журналистердің айтып жүргені пікірлері Ресейдің ресми ұстанымы мен ресми мәлімдемесі емес.

«Бұл – жекелеген азаматтарының жауапкершілігі және пікірі. Оларға жауапты Президент те, Сыртқы істер министрлігі де, депутаттар да беріп жүр. Егер ол жерде біздің тарапымызға деген заң бұзу  болса, онда біздің Бас прокуратура арқылы Ресейдің бас прокуратурасына талаптар жолданады», — деді Ерлан Қошанов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 17:42
Тоқаев пен Макрон Елисей сарайында келіссөздер жүргізді

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43